конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президент Тоқаев Мажарстан Премьер-Министрі Виктор...

Президент Тоқаев Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанға құттықтау жеделхатын жолдады

Билік 04.04.2022, 14:19 1,444
Президент Тоқаев Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанға құттықтау жеделхатын жолдады
Сурет: Akorda.kz.

Мажар халқына мол бақыт пен құт-береке тіледі.


Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Виктор Орбанды «ФИДЕС – Христиан-демократиялық халық партиясы» коалициясының парламенттік сайлаудағы айқын жеңісімен және Мажарстан Премьер-Министрі болып қайта сайлануымен Қазақстан халқының және жеке өз атынан құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.



«Сайлаудағы жеңісіңіз – отандастарыңыздың Сізге және Өзіңіз басқарып отырған партияның Мажарстанның саяси-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, азаматтарының ырыс-берекесін еселеуге және оның халықаралық беделін нығайтуға бағытталған саралы саясатыңызға көрсеткен кең қолдауының айғағы екені сөзсіз. Отаныңыздың мүддесі мен жарқын болашағы үшін сіңіріп жүрген қажырлы еңбегіңізге, қолға алған тың бастамаларыңыз бен маңызды жоспарларыңызға сәттілік әрқашан серік болуына тілектестігімді білдіремін», – деп жазылған құттықтау жеделхатта.



Мемлекет басшысы Қазақстан мен Мажарстан арасындағы мазмұнды саяси диалог пен дәстүрлі достықтан серпін алатын стратегиялық әріптестік бірлескен күш-жігеріміз бен үкіметтеріміз деңгейіндегі белсенді байланыстардың арқасында одан әрі беки түсетініне кәміл сенімді екенін жеткізді.



«Осы тұста қазақ-мажар ықпалдастығының биік қарқынын сақтауға ерекше мән бере отырып, сан қырлы бағыттардағы іс-әрекеттестігімізді күшейту жолдарын талқылау мақсатында, өзара қолайлы уақытта Сізді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырамын», – делінген Президенттің құттықтауында.



Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-Министрінің аса жауапты қызметіне толағай табыстар, ал бауырлас мажар халқына мол бақыт пен құт-береке тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #Мажарстан #Венгрия #премьер-министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Алматының білім беру саласы қызметкерлерінің тамыз конференциясына қатысты

Бүгін 14:35

Алматы облысында жаңа мәдениет үйі ашылды

Бүгін 14:11

Almaty Gallery Өзбекстан суретшілерінің туындыларын ұсынды

Бүгін 13:57

YE концерті 15 тамызда сағат 21:00-де өтеді

Бүгін 13:54

Қазақстанда егін жинау науқаны жоғары өнімділікпен басталды

Бүгін 12:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);