AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президент Тоқаев жаңадан тағайындалған министр Бре...

Президент Тоқаев жаңадан тағайындалған министр Брекешевке бірқатар тапсырма берді

Билік 13.09.2021, 15:00 699
Президент Тоқаев жаңадан тағайындалған министр Брекешевке бірқатар тапсырма берді
Сурет: Akorda.kz.

Министр алдағы уақыттағы жоспарлары туралы айтты.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевті қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Akorda.kz сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің алдағы уақыттағы жоспарлары және Президенттің халыққа Жолдауында берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндалды. 


Атап айтқанда, Серікқали Брекешев Мемлекет басшысына Ұлттық геологиялық қызмет құруға қатысты жұмыстар, «Минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесінің әзірленуі жөнінде мәлімет берді.


Президентке су шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды. Министрдің айтуынша, бес жылдың ішінде суару желісінің кемінде 120 арнасы қалпына келтіріліп, жалпы көлемі 1,7 миллиард текше метр болатын жаңадан тоғыз су қоймасы салынады.  


Қасым-Жомарт Тоқаев су үнемдеу технологияларын енгізу ісін ынталандыру және су саласын цифрландыру қажет екенін атап өтті. 


Кездесу барысында атмосфералық ауаның ластануын азайту бағытында қабылданып жатқан шараларға ерекше мән берілді. Ведомство басшысының айтуынша, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында аймақтар бойынша жол карталары бекітіліп, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы әзірленді және кәсіпорындармен бірқатар меморандумға қол қойылды. Аталған құжаттар қалдықтардың көлемін 20-дан 30 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді.


Кездесу соңында Мемлекет басшысы жаңадан тағайындалған министрге бірқатар нақты тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #министр #Экология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);