AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Тоқаев ауыл шаруашылығы тауарларын өндір...

Президент Тоқаев ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті

Саясат 21.01.2023, 11:13 1,576
Президент Тоқаев ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесті
сурет: akorda

Мемлекет басшысы Рудный қаласындағы «Жас-Қанат 2006» құс фабрикасына барды.


Мемлекет басшысы Рудный қаласындағы «Жас-Қанат 2006» құс фабрикасына барып, шаруашылыққа заманауи технологияларды енгізу жөніндегі пилоттық жобаның жүзеге асырылу барысымен танысты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Құс фабрикасында өндірілетін өнім еліміздің барлық өңірлерінде сатылады, сондай-ақ ТМД елдеріне экспортталады.


Цехтың қуаты жылына 260 миллион дана жұмыртқа және 500 тоннадан астам ет өнімдерін өндіруге жетеді. Былтыр 517 тонна ет және 199,1 миллион дана жұмыртқа өндірілді.



Өндірістік қуаты сағатына 120 мыңнан астам жұмыртқа шығаруға жететін сұрыптау, өлшеу және маркерлеу цехындағы Nabel технологиясы көрсетілді.


Өндірістің автоматтандырылуы 8 сағатта миллионға дейін жұмыртқа тасымалдауға және орауға мүмкіндік береді.


Президентке облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің өнеркәсіптік және аграрлық әлеуеті жөнінде мәлімет берді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев ақ ауыл шаруашылығы саласындағы перспективті жобалармен танысты.


Осыдан кейін Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайланғаннан кейін, ең алдымен ауыл мен ауылдық аумақтарды дамыту туралы Жарлыққа қол қойғанын айтты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы мен ауылдарды дамытуға 1 триллион теңге бөлінетінін жеткізді. Оның пікірінше, Үкімет пен әкімдіктер бұл қаржыны өңір тұрғындарына барынша тиімді болатындай жұмсауы керек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Президент Тоқаев #Қостанай облысы #Ауыл шаруашылығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);