конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент тапсырмасы орындалды: Павлодар әуежайыны...

Президент тапсырмасы орындалды: Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағы қайта жаңғыртылды

Әлеумет Бүгін 12:16 58
Президент тапсырмасы орындалды: Павлодар әуежайының ұшу-қону жолағы қайта жаңғыртылды
Валерий Бугаев

Жұмыстар аяқталғаннан кейін әуежай толыққанды жұмысын қайта бастады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі көлік инфрақұрылымын дамыту және өңірлердің өзара байланысын арттырудың маңыздылығын бірнеше мәрте атап өткен болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Павлодар қаласындағы әуежайдың ұшу-қону жолағын ауқымды қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.

Аэродром сертификаттаудан өтіп, тұрақты әуе қатынасы қайта қалпына келтірілді: ұшақтар Астана және Алматы қалаларына қатынауда. Әуежайдың толыққанды жұмысын қайта бастау үшін барлық қажетті рұқсат құжаттары алынды. 17 тамызда авиациялық қауіпсіздік қызметі сертификатталса, 21 тамызда әуежайға аэродромның жарамдылық сертификаты берілді.

Әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңғырту жұмыстары ICAO халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес жүргізілді. Бұл Павлодар облысы үшін ерекше маңызға ие. Өңірдің географиялық орналасуын ескеретін болсақ, жаңартылған инфрақұрылым оның транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Павлодар аэродромы 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап жабық болған кезеңде мұнда ұшу-қону жолағын толық қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Ұшу-қону жолағының ені 45 метрден 60 метрге дейін ұлғайтылды, жарық-сигнал беру жабдықтары, жарықтандыру және бейнебақылау жүйелері жаңартылып, әуежай аумағының периметрі бойынша жаңа қоршау орнатылды. Бұл мақсаттарға 16,4 млрд теңге бағытталды, оның ішінде 9,3 млрд теңге арнайы мемлекеттік қор қаражаты есебінен бөлінді.

Облыс әкімі Асайын Байханов әуежайдың қазіргі жұмыс барысымен және оны одан әрі дамыту жоспарларымен танысты.

Бүгінде Vietjet Qazaqstan әуе компаниясы Павлодар-Астана бағыты бойынша аптасына төрт рет, ал FlyArystan әуе компаниясы Павлодар-Алматы бағыты бойынша күн сайын рейстер орындайды. Тұрақты әуе қатынасының қайта қалпына келтірілуі өңір тұрғындары мен бизнес өкілдері үшін маңызды оқиға болды.

- Біз бұл сәтті асыға күттік. Ең бастысы - тұрақты рейстерді қайта қалпына келтірдік. Бүгінде әуе кемелері Павлодарды Астана және Алматы қалаларымен байланыстырып отыр. Енді облыс тұрғындарының іскерлік сапарлары мен саяхаттарына барынша мүмкіндік жасау үшін әуе бағыттарын кезең-кезеңімен ұлғайтатын боламыз, - деді өңір басшысы.

Сонымен қатар әуе бағыттарын кеңейту жұмыстары жалғасуда. SCAT әуе компаниясы Ақтау, Шымкент және Ақтөбе бағыттарына рейстер ашу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Халықаралық бағыттар бойынша да келіссөздер жүргізілуде. Centrum Air әуе компаниясымен Павлодар-Ташкент бағыты бойынша 2027 жылғы наурыздан бастап рейстер ашу бойынша алдын ала келісімге қол жеткізілді. Сондай-ақ Мәскеу, Новосібір, Үрімші, Анталья және Шарм-эль-Шейх бағыттарына рейстер ашу мүмкіндігі зерделенуде.

Келесі кезеңде әуежай ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары жоспарланып отыр. Жоба ұшу залын кеңейтуді және оның өткізу қабілетін сағатына 200-ден 300 жолаушыға дейін арттыруды, ішкі және халықаралық рейстердің жолаушылар ағынын бөлуді, жүктерді өңдеу мен тексерудің автоматтандырылған жүйесін орнатуды, телескопиялық траптары бар екі галерея салуды, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды жаңартуды көздейді. Бұл ретте терминалды қайта жаңғырту жұмыстары әуежайдың жұмысын тоқтатпайды. Жолаушыларды қабылдау және жөнелту, сондай-ақ тұрақты рейстерді орындау жалғаса береді.

- Біздің мақсатымыз - әуежайды өңірдің заманауи, қолайлы әрі бағыттар таңдауы бар толыққанды әуе қақпасына айналдыру. Бүгінде бұл жұмыс жоспардан нақты нәтижеге көшті: ұшақтар қатынап жатыр, әуежай жұмыс істеп тұр. Ал біз оның мүмкіндіктерін одан әрі ұлғайтуды жалғастырамыз, - деп атап өтті Асайын Байханов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әуежай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды

Бүгін 12:55

6 жылда тағы 4 млн қазақстандық газға қол жеткізді

Бүгін 12:13

Алматыда Алтынсарин даңғылының бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 12:10

Магистратура грантының нәтижесі қашан шығады?

Бүгін 11:16

22 тамызға ауа райы болжамы

Бүгін 11:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);