AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Президент стипендиясының көлемі қанша?

Президент стипендиясының көлемі қанша?

Білім және ғылым 04.03.2023, 10:12 2,614 Аlmaty-akshamy.kz
Президент стипендиясының көлемі қанша?
сурет:kzvesti.kz

Биыл Президент стипендиясы 1080 бакалавр студенті мен 8 магистрантқа тағайындалады.


Ашық НҚА порталында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылға арналған Президент стипендиясын беру жөнінде екі бұйрығының жобасы талқыға салынды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz 


Ондағы мәліметке сәйкес, биыл Президент стипендиясы 1080 бакалавр студенті мен 8 магистрантқа тағайындалады.


Сондай-ақ Президент стипендиясы төрт министрлік арасында бөлінеді.


Ғылым және жоғары білім министрлігі - 1005 бакалавр студентіне және 7 магистрантқа;


Мәдениет және спорт министрлігі - 24 бакалавр және 1 магистратура студентіне;


Денсаулық сақтау министрлігі - 6 студентке;


Ауыл шаруашылығы министрлігі - 45 студентке тағайындайды.


Президенттік стипендия алған студенттері бар жоғары оқу орындары арасында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті(102), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (96), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (94), М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті(60), А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті (55), Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (47) көш басында тұр.


Еске сала кетсек, Стипендия ЖОО ректорының бұйрығымен тағайындалады және бір оқу жылының бір семестрі бойы төленеді. Стипендияға ие болу үшін грантпен оқу міндетті емес, оны ақылы бөлім студенттері мен магистранттары да иелене алады.


2023 жылы бакалавр студентіне тағайындалған Президент стипендия мөлшері – 73 320 теңге, магистранттарға – 173 974 теңге.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Стипендия #Президент стипендиясы #студенттер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);