AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасын...

Президент «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Саясат 28.02.2023, 11:54 1,588
Президент «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады
almaty-akshamy.kz


Мемлекет басшысына «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамының былтырғы өндірістік жұмыстарының негізгі қорытындысы туралы есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Берілген мәліметке сәйкес, компания көмірсутектерді өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізді. Биыл «ҚазМұнайГаз» 23 миллион тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отыр.


Президентке Өзен кен орнын оңалту жөнінде де есеп берілді. Бұл жобаның экономикалық қана емес, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар.


Бұдан бөлек, Мағзұм Мырзағалиев компанияның геологиялық қорларын ұлғайту перспективалары туралы баяндады. Оның айтуынша, бүгінде перспективті жаңа жобаларға инвестиция белсенді түрде тартылып жатыр.



Мемлекет басшысына «жасыл жобаларды» дамыту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді.


«ҚазМұнайГаз» басшысы компанияның кәсіпорындары орналасқан өңірлерде халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған жобалардың жүзеге асырылу барысы туралы айтты.


Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының, әсіресе көктемгі егіс жұмыстары қарсаңында үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #қазмұнайгаз #мырзағалиев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);