AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төра...

Президент «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

Саясат 13.08.2024, 17:00 830
Президент «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы есеп берілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мейіржан Юсупов жыл басынан бері уран өндіру көлемі шамамен 11 мың тоннаға жеткенін және өнімді сату көрсеткіші 8 мың тоннаға жуықтағанын айтты.

Мемлекет басшысына еліміздің минералды-шикізат базасын нығайту және толықтыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар, сондай-ақ ұлттық компанияның геологиялық барлау активтерінің портфелін одан әрі кеңейту жоспары туралы баяндалды.

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басшысы мекеме өңірлерді әлеуметтік тұрғыдан дамытуға 3,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлгенін жеткізді. Осы орайда су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға да көмек берілген.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау және ресурстық базаны толықтырудың маңызды екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#саясат #«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);