AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкі...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады

Әлеумет 17.04.2023, 17:53 824
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады
almaty-akshamy.kz
Мемлекет басшысына Алматы қаласының биылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.




Осы кезеңде қысқамерзімді экономикалық индикатор іскерлік белсенділік есебінен 23,9 пайызға дейін үдеді. Ал іскерлік белсенділік көрсеткіші 57,9 пайызға дейін өсіп, өңірлер арасында бірінші орынға шықты.


Президентке экономиканы одан әрі әртараптандыру жөніндегі шаралар туралы есеп берілді. Биыл шағын және орта бизнестің 3 мың жобасына 43 миллиард теңге көлемінде қолдау көрсету жоспарланған. Факторингтік келісімдерді қаржыландыру үшін қосымша 4 миллиард теңге бөлінді. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсімді қамтамасыз ету үшін 5 шағын өнеркәсіп паркі ашылды.



Сонымен қатар Мемлекет басшысына «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы мен 2030 жылға дейінгі ортамерзімді перспективалары» аясында іске асырылып жатқан Алматының көлік жүйесін қалыптастыру барысы туралы мәлімет берілді. Биыл қалада қоғамдық көліктің экологияға зиянды әсерін азайту туралы Президент тапсырмасын орындауға баса мән беріледі. Газбен жүретін 600 жаңа автобус және 100 троллейбус сатып алу үшін 66 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ жеке тасымалдаушылар 650 жаңа автобус пен 31 электробус сатып алады.



Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа жол инфрақұрылымын жаңғырту сапасын жақсарту жоспары таныстырылды.


Кездесу барысында өкілеттіктерді орталықсыздандыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мәселесіне де ерекше назар аударылды. 1 сәуірден бастап қалалық әкімдіктің 15 функциясы аудандық әкімдіктерге беріліп, олардың бюджеті 2,7 есе, яғни 161,6 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды.


Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларын қабылдау жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);