AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Қана...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Қанат Мусинді қабылдады

Саясат 17.02.2022, 09:23 1,620
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Қанат Мусинді қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Биыл 26 заң жобасы әзірленеді


Президентке министрліктің былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижелері мен 2022 жылы мән берілетін басым бағыттар жөнінде баяндалды. Биыл 26 заң жобасы әзірленіп, Парламент қарауына енгізіледі деп жоспарлануда.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа мемлекет мүддесінің қазақстандық және халықаралық соттарда қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап. 


Қазіргі уақытта министрлік 25 іс бойынша мемлекет мүддесін қорғау жұмыстарын жалғастыруда. Атап айтқанда, олардың 14-і халықаралық арбитраждардың, 5-еуі шетелдік соттардың қарауында жатыр, 6 іс сотқа дейінгі өндірісте.


Сонымен қатар Қанат Мусин сот актілерінің орындалуына қатысты жағдай мен халыққа заңгер көмегінің берілуі жөнінде есеп берді. Әділет министрінің айтуынша, 122 мыңнан астам азамат кепілдендірілген заң көмегін алған, осы мақсатта 1,8 миллиард теңге бөлінген. Әлеуметтік жағдайы төмен 11 мыңнан астам адам заңгер көмегін тегін алған.


Президент Әділет министрлігінің 2022 жылға арналған жоспарымен танысқаннан кейін әзірленіп жатқан нормативтік-құқықтық актілердің сапалы орындалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған заңгерлік қызмет көрсету ісіне ерекше назар аударуды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақорда #қабылдау #әділет министрі #Заң жобасы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);