AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа міндетт...

Президент Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа міндеттер жүктеді

Саясат 25.07.2023, 03:29 1,466
Президент Мемлекеттік күзет қызметіне жаңа міндеттер жүктеді
Сурет: ашық дереккөз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметіне бірқатар қосымша құзырет беретін Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.



Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың өміріне, денсаулығына, құқығына, бостандығына, жеке басының қадір-қасиетіне және меншігіне қарсы бағытталған құқық бұзушылықты анықтау, алдын алу және жолын кесу, - деп жазылған Президент қол қойған Жарлықта.



Өзгеріске сай, бұдан былай Мемлекеттік күзет қызметі мына функцияларды атқарады:


- Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы белгілеген тәртіпте күзетілетін объектілердің күзеті мен қорғанысын жүзеге асырады, жауынгерлік кезекшілікті атқаруды ұйымдастырады;


- күзет іс-шараларын өткізу орындарында күзетілетін адамдар мен объектілердің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ведомствоаралық үйлестіруді және ұйымдастыруды жүзеге асырады;


- қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы мемлекеттік саясатты құрастыруға және іске асыруға қатысады;


- әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысады;


- жедел басқаруында тұрған қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына бақылауды жүзеге асырады;


- ҚР жергілікті атқарушы органдарымен өзара әрекеттесе отырып жұмылдыру жоспарларын орындауға дайындық жөніндегі іс-шараларды өткізеді;


- әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізуге қатысады;


- күзетілетін объектілердің терроризмге қарсы қорғалғандығы паспортын келіседі, есебін жүргізеді, сақтайды немесе жояды;


- айрықша мақсаттағы автомобильдердің жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана және Алматы қалаларында автомобиль жолдары немесе автомобиль жолдарының жекелеген учаскелері бойынша олардың жүру жылдамдығы мен маршруттарын айқындауға және осы жолдарда көлік құралдарының жүруіне, аялдауына және тоқтап тұруына шектеу енгізу, жол жүрісінің бағытын уақытша өзгертуге құқылы;


- ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің, Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының, сондай-ақ халықаралық шарттарға сәйкес, шет елдердің арнаулы қызметтерінің қызметкерлері мен әскери қызметшілерін қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында оқытуды, даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асыру.


Жарлық алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 3 тамызда күшіне енеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мемлекеттік күзет #заң #өзгеріс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);