AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент майнингке салынатын салықты көбейтуді та...

Президент майнингке салынатын салықты көбейтуді тапсырды

Әлеумет 08.02.2022, 08:52 1,200
Президент майнингке салынатын салықты көбейтуді тапсырды
Inform.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев майнингке салынатын салықты арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz inform.kz сілтеме жасап.



«Барлық майнинг фермаларды анықтау, салық және кеден мәселелерін тексеру қажет. Алынған техникалық шарттарды, сондай-ақ олардың қызметінің басқа да қырларын мұқият зерделеу керек. 15 наурызға дейін есеп берулеріңізді сұраймын», - деді Президент.



Оның айтуына қарағанда, мемлекет жұмысын бүкпесіз ашық жүргізетін майнингке қарсы емес.



«Бұл салада жұмыс істегісі келетіндердің лицензиясы болуы қажет. Электр энергиясын ақылға қонымды тариф бойынша алып, кірісін декларациялауы және салық төлеуі, «жасыл» энергетика жобаларын іске қосуы тиіс. Майнинг салықтарын біз де арттырамыз. Қазіргі қуаттың әр киловатына 1 теңге деген мөлшерлеме өте мардымсыз. Үкіметке аталған салықты еселеп, әрі қысқа мерзімде арттыруды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.



Сондай-ақ, Мемлекет басшысы цифрлық майнингті реттеу мен дамыту жөніндегі шешімдердің толыққанды пакетін әзірлеуді тапсырды.



«Үкімет цифрлық майнингті реттеу мен дамыту бойынша толыққанды шешімдер пакетін әзірлеуі керек. Нәтижені 1 сәуірге дейін күтемін», - деп тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#майнинг #президент #салық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);