AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы жем...

Президент жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы жемқорлықты анықтауға баса мән беруді тапсырды

Әлеумет 11.04.2023, 12:49 961
Президент жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы жемқорлықты анықтауға баса мән беруді тапсырды
Сурет: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады, деп хабарлайды  Аlmaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.



Президентке еліміздегі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жөнінде есеп берілді. Атап айтқанда, бірінші тоқсанда 500-ден астам жемқорлық қылмыс тіркеліп, 400-ден аса тұлғаның жемқорлық әрекеті әшкереленді. Оның 53-і әртүрлі деңгейдегі басшылар.


Асхат Жұмағалидың айтуынша, биыл 23 қаңтардан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жолындағы әкімшілік кедергілерді жоюға бағытталған «Бизнеске жол» жобасы іске қосылған. Жоба аясында шамамен 7 мың кәсіпкер көмек алып үлгерді.


Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына жемқорлыққа жол бермеу үшін қабылданып жатқан алдын алу және сақтандыру шаралары жөнінде мәлімет берілді. Осы ретте биыл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа әкеп соқтыратын қатерлерді жоюға қатысты 769 ұсыным мен ұсыныс енгізді.


Президент жемқорлыққа итермелейтін жүйелі себептер мен жағдайларды жою аса маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар Қ.Тоқаев жоғары лауазымды тұлғалар арасындағы сыбайлас жемқорлықты анықтауға және оның жолын кесуге баса мән беруді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #жоғары лауазымды тұлғалар #Жемқорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);