ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Президент жаңа ипотека бағдарламасын ашуды тапсырд...

Президент жаңа ипотека бағдарламасын ашуды тапсырды

Әлеумет 04.11.2021, 10:16 1,023
Президент жаңа ипотека бағдарламасын ашуды тапсырды
Сурет: Quasa
Бұл ипотеканың бастапқы жарнасы 10 пайыз және сыйақы ставкасы 2-ден 5 пайызға дейін болмақ.

Бұл ипотеканың бастапқы жарнасы 10 пайыз және сыйақы ставкасы 2-ден 5 пайызға дейін болмақ.


Мемлекет басшысы моноқалалардан қоныс аударушылар үшін жеңілдетілген ипотека бағдарламасын ашуды тапсырды, - деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Үкіметке өңірлерді дамытудың жалпыұлттық жобасы аясында моноқалаларды даму әлеуеті төмен өңірлер қатарынан шығару тапсырылды.



«Бұл азаматтарды мамандарға мұқтаж, болашағы зор, дамып келе жатқан қалаларға ерікті түрде қоныс аударуға ынталандырады. Өнеркәсіптік моноқала тұрғындарының инженерлік кәсіптерде біліктілігі мен тәжірибесі бар екенін жақсы білеміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұздағы кеңесте.



Тоқаев Мемлекеттік тұрғын үй саясаты аясында жеке бөлім даму әлеуеті төмен моноқалалардан қоныс аударушыларға арналуы тиіс екенін айтты.



«Отбасы банк» жүйесінде мұндай тұрғындар үшін бастапқы жарнасы 10 пайыз және сыйақы ставкасы 2-ден 5 пайызға дейінгі жеңілдіктегі ипотека бағдарламасын көздеу керек. Үкімет әкімдіктермен бірлесіп бұл бастаманы жан-жақты пысықтағаны жөн», - деді Тоқаев.



Президенттің айтуынша, моноқалалардың экономикасын әртараптандыруда және шағын және орта бизнесті дамытуда жаңа өндіріс орындарын құру жобалары маңызды рөл атқарады. Үкімет 20 мың жұмыс орнын құрумен құны 2 триллион теңгеге 79 жобаны іске асырып жатыр.



«Алайда, үш моноқалада жаңа өндіріс орындарын құру жобалары тоқтатылды, Ақсай қаласында бұл жобалар толық жүктелмеген. Жаңадан жоспарланған 19 жобаның 14-і немесе 75 пайызға жуығы Павлодар және Қарағанды облыстарына тиесілі. Жаңатаста байыту фабрикасын салу жобасы іске асырылып жатыр. Стратегиялық инвестормен келісімге қол қойылды, инвестиция көлемі шамамен 1 миллиард доллар. Бірақ келісімді ратификациялау рәсімі кейінге қалдырылған. Үкіметке көтерілген барлық мәселе бойынша жедел түсініп, есеп беруді тапсырамын. Бұл ретте квазимемлекеттік сектор тарапынан жобаларды экономикалық жағдайларды есепке алмай, толық жүктеуге болмайды», - деді мемлекет басшысы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,429 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.