ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төраға...

Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады

Әлеумет 26.01.2023, 09:27 1,030
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Сурет: Akorda.kz
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) жұмысының нәтижелері және Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жоспары, сондай-ақ банктің алдағы кезеңге арналған...

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) жұмысының нәтижелері және Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру жоспары, сондай-ақ банктің алдағы кезеңге арналған болжамдары жөнінде мәлімет берілді.


Биыл банк елімізге 1,1 миллиард доллардан аса қаржы құюға және халықаралық инвестициялардың қазақстандық жобаларға тартылуына ықпал етуге ниетті. Көлік инфрақұрылымы және логистика, өнеркәсіп, агроөнеркәсіп кешені, жасыл энергетика және су ресурстары секілді салаларға басымдық беріледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Николай Подгузов былтыр Еуразиялық даму банкі Қазақстанға құйылған инвестиция мөлшерін 2021 жылмен салыстырғанда 5 есе өсіріп, 1,2 миллиард долларға жеткізгенін, барлық жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындағанын айтты.


Сонымен қатар Мемлекет басшысына еларалық интеграциялық жобалардың жүзеге асырылу барысы жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, Аягөз – Бақты теміржол желісінің және Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара өткелінің құрылысы, сондай-ақ Астрахань – Маңғышлақ су құбырын жаңғырту сияқты жобалар.


Бұдан бөлек, Президентке ЕДБ басқарма төрағасы биыл 15-17  мамыр күндері Алматыда өтетін Азия-Тынық мұхиты аймағының даму институттары қауымдастығының (ADFIAP) кездесуіне дайындық барысын баяндады. Жиынға әлемнің 40 елінен 80-нен астам даму институты, сондай-ақ халықаралық құрылымдар, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің салалық министрліктері қатысып, еліміздің және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің экономикасына инвестиция құю мәселелерін талқылайды.  


Қасым-Жомарт Тоқаев интеграциялық үдерістерде Еуразиялық даму банкінің белсенді рөл атқаратынынатап өтті. Оның айтуынша, банктің инфрақұрылымды жаңғырту және салу жөніндегі жобаларға қатысуы Қазақстан экономикасының дамуына айтарлықтай  үлес қосады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,434 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,276 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,984 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,180 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.