AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Президент Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

Президент Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады

Хабарлама 08.12.2021, 10:45 1,396
Президент Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Министр Мемлекет басшысына еліміздегі криминогендік жағдай, ішкі істер органдарының биылғы атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы мәлімет берді.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Елімізде қылмыстық істердің азаюы бойынша оң үрдіс байқалады (5 пайызға төмендеген). Бұл ретте кісі өлтіру 15 пайызға, тонау және бұзақылық 20 пайызға аз тіркелген. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздік деңгейі жоғарылады.



Президентке тапсырмаларының орындалуы жөнінде, атап айтқанда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және балаларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қос азаматтық фактілерінің жолын кесу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.



Бұдан бөлек, Ерлан Тұрғымбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа полиция жұмысының сервистік моделіне көшу, «жақын жердегі полиция» қағидатын қамтамасыз ету, учаскелік инспекторлардың қызметін реформалау және құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы олардың өкілеттіктерін кеңейту жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді.


Сонымен қатар Президентке ішкі істер органдарын цифрландыру барысы, полиция учаскелері мен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде жаппай бейнебақылау құрылғыларын орнату, автоматтандыру және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерістерін жеңілдету жайында баяндалды.


Мемлекет басшысы ішкі істер органдарының қызметіне оң баға беріп, азаматтардың конституциялық құқығын қорғауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша шаралар қабылдауға тапсырма берді.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Тұрғымбаев #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);