AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент Экология және табиғи ресурстар министрі...

Президент Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады

Әлеумет 13.02.2023, 14:30 921
Президент Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады
Сурет: Ашық дереккөз

Президентке еліміздегі гидрометеорологиялық жағдай мен су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы мәлімет берілді


Мемлекет басшысы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованы қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Президентке еліміздегі гидрометеорологиялық жағдай мен су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы мәлімет берілді.


Мемлекет басшысына су тасқыны кезеңінде гидротехникалық нысандардың қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету шаралары жөнінде баяндалды.


Осы мақсатта ведомство Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында тексеру жұмыстарын жуық арада жүргізуді жоспарлап отыр.


Жалпы, республика аумағында барлығы 1806 гидротехникалық құрылыс бар.


Жыл басындағы жағдай бойынша 1322 гидротехникалық құрылыс ғимараты тексерістен өткен, 471 нысан жөндеуді және жаңғыртуды қажет етеді.


Зүлфия Сүлейменова броконьерлікке және орман ағашын заңсыз кесуге қарсы күрес шаралары күшейтіліп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі таңда министрлік Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде орман шаруашылығын дамыту мәселесін пысықтап жатыр.


Қасым-Жомарт Тоқаев орталық және жергілікті атқарушы органдардың көктемгі су тасқынына әзірлік жұмыстарын бірлесе жүргізуі маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ барлық гидротехникалық құрылыстарды құжаттау және түгендеу ісін жыл соңына дейін аяқтау қажет екенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Экология #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);