AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент БҰҰ делегациясын қабылдады

Президент БҰҰ делегациясын қабылдады

Саясат 09.06.2023, 05:59 1,436
Президент БҰҰ делегациясын қабылдады
akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ делегациясымен – БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – БҰҰ Азия және Тынық мұхиты үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Атқарушы хатшысы Армида Алисджабанмен, Бас хатшының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енчимен және БҰҰ Бас хатшысының көмекшісі – БҰҰ Даму бағдарламасы әкімшісінің көмекшісі Ивана Живковичпен кездесу өткізді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен БҰҰ институттары арасындағы көпжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.


Президент Астана халықаралық форумына белсенді қатысқаны үшін дипломаттарға ризашылығын білдіріп, олардың БҰҰ аясындағы ұсыныстары форум жұмысының мазмұнын байытуға үлес қосқанын айтты.


Мемлекет басшысы БҰҰ-ның бейбітшілікті нығайту, қауіпсіздік пен жаһандық дамуды қамтамасыз ету ісіндегі айрықша рөліне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін жан-жақты реформа жүргізу қажеттігіне және осы органның өкілдігін кеңейтудің маңыздылығына тоқталды.



Президент осы әмбебап ұйымның рөлін нығайту мақсатында Қазақстан БҰҰ-мен күш біріктіруге ниетті екенін растады.


Қазақстанда БҰҰ-ның 20-дан астам бөлімшесі табысты жұмыс істеп жатыр. Осы ретте Алматы қаласында Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталық құру маңызды екені атап өтілді. Бұл орталықтың қызметі 2030 жылға дейінгі күн тәртібін ілгерілету үшін кешенді шаралар қабылдау арқылы БҰҰ агенттіктерінің өңірдегі елдер үкіметтерімен арадағы үйлесімділікті нығайтуға бағытталады.


Өз кезегінде жоғары лауазымды дипломаттар Астана халықаралық форумы туралы өздерінің әсерін ортаға салып, қазіргі заманның өзекті сын-қатерлерін шешу тәсілдерін әзірлеуде осы алаң стратегиялық тұрғыда маңызды екенін атап өтті.


Сондай-ақ кездесуде көлік-логистика әлеуеті мен цифрландыру процесі тұрғысынан Орталық Азияның стратегиялық рөліне назар аударылды.


Кездесу соңында Мемлекет басшысы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришке жүрекжарды сәлемін жолдады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Ақорда #Ынтымақтастық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды

Бүгін 19:12

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);