AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Өмір-өзен / Президент балет әртісі Болат Аюхановтың отбасы мен...

Президент балет әртісі Болат Аюхановтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты

Өмір-өзен 13.12.2022, 14:27 1,982
Президент балет әртісі Болат Аюхановтың отбасы мен жақындарына көңіл айтты
Сурет: Ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қазақстанның халық әртісі Болат Аюхановтың отбасы мен туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мемлекет басшысы көрнекті мәдениет қайраткері, балет әртісі, хореограф, Қазақстанның халық әртісі Болат Аюхановтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.



– Ерекше шығармашылық дарын иесі, өнер майталманы Болат Ғазизұлы отандық мәдениет саласы мен хореография өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Бүгінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театры ретінде танылған көркемдік ұжымның негізін қалап, оған ұзақ жылдар бойы жетекшілік етті. Оның балет өнеріндегі туындылары еліміздің және шетел сахналарында қойылды. Болат Ғазизұлы қашанда адамгершілік және рухани құндылықтардан айнымай, өнерге қызмет етті, білімі мен тәжірибесін жас буынға үйретті. Болат Ғазизұлының жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады, – деп жазылған көңіл айту жеделхатында.



Еске сала кетейік, бүгін қазақ балетінің аңызы, Қазақстанның халық артисі, балетмейстер, педагог Болат Аюханов 84 жасында өмірден өткен еді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Болат Аюханов #көңіл айту #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);