AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Ра...

Президент «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады

Саясат 27.04.2022, 09:07 1,521
Президент «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталовты қабылдады
Сурет: Elorda.info

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰКП-ны трансформациялау жолдары таныстырылды.


Райымбек Баталов биылғы ақпан айында өткен Кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс съезінде микро және шағын бизнесті қолдауға мән бере отырып, мекеменің қызметін трансформациялау туралы шешім қабылданғаны туралы айтты. Сондай-ақ «Атамекен» басшысы Алматыда шағын және орта бизнесті дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 


Мемлекет басшысына салалық сараптаманың сапасы мен жауапкершілігін арттыру үшін бизнесті жұмылдыру жөніндегі ҰКП-ның жоспары таныстырылды. Атап айтқанда, палата мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттары мен бұйрықтарына қатысты жобаларды бизнеспен бірге талқылап, апробациядан өткізуге ниетті. Бұл мемлекет пен бизнестің өзара конструктивті ықпалдастығын нығайтуға мүмкіндік береді.


Кездесу барысында бизнеске жасалатын заңнамалық деңгейдегі қысымды азайтуға, сот пен прокуратура органдарының бизнесті қорғау жөніндегі тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылды.


Қасым-Жомарт Тоқаев палатаның бизнес пен билік арасындағы ықпалдастықтың алтын көпірі болуға тиіс екенін ерекше атап өтіп, «Атамекеннің» қызметін жүйелі түрде өзгерту қажеттігін қолдады.


Сонымен қатар Президент бизнес-ортаны бюрократиядан арылту жөнінде қабылданып жатқан шараларды және жүктелген міндеттерді жылдам әрі тиімді шешу үшін трансформация кезінде президиум төрағасы мен палата басқармасының позицияларын қосу қажет екенін мақұлдады.


Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамытуға және бизнес-қоғамдастықтың құқығын қорғауға ықпал ететін институт ретінде ҰКП-ны реформалау жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Президиум #тарнсформациялау #қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);