AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президент «ALACEM» цемент зауытының жұмысымен таны...

Президент «ALACEM» цемент зауытының жұмысымен танысты

Әлеумет 26.10.2023, 15:49 1,007
Президент «ALACEM» цемент зауытының жұмысымен танысты
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу өңіріндегі ірі өндіріс ошақтарының бірі саналатын «ALACEM» цемент зауытын аралап көрді, деп хабарлайды almaty-aksamy.kz.


2020 жылы индустрияландыру бағдарламасы аясында іске қосылған Қазақстан-Сингапур бірлескен кәсіпорнында құрғақ әдіспен жылына 1,5 миллион тонна цемент өндіріледі. Жоба құны – 47 миллиард теңге. Зауытта, негізінен, азаматтық және өндірістік нысандар құрылысында кеңінен пайдаланылатын M400, M450, М500 маркалы цемент түрлері шығарылады. Мысалы, Үлкен Алматы өзеніне салынған «Аюсай» бөгетінің құрылысына осы зауыттың өнімі қолданылған.


Кәсіпорынның басқарушы директоры Станислав Щербаковтың айтуынша:


зауыт Алматы қаласының, Жетісу және Алматы облыстарының цемент өніміне деген сұранысын 65 пайызға дейін қамтамасыз етеді. Жобаны жүзеге асыру барысында экологиялық таза, қалдықсыз өндіріс стандарттарына сай келетін озық технологиялар қолданылған. Сондай-ақ өнім процесін басқару үшін DCS интеллектуалды жүйесі енгізілген;


➤ кәсіпорынның өндіріс және көлік-логистикалық учаскелерінде 600 адам жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі – жергілікті тұрғындар. Сонымен қатар өнімді өткізу, дилерлік желілер арқылы қосымша 200-ге жуық жұмыс орны ашылды;


➤ компания зауытты іске қосқалы бері бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында Кербұлақ ауданының дамуына 2,7 миллиард теңге қаржылай қолдау көрсеткен. Бұл қаражат Сарыөзек – Көктал жолын жөндеуге және аудандағы әлеуметтік жобаларға жұмсалды.



Сондай-ақ, Президентке зауыт жұмысшыларымен әңгімелесіп, осындай ірі өндірістің ашылуы құрылыс индустриясын дамыту, әсіресе, жергілікті инфрақұрылымды жетілдіру үшін маңызды екенін атап өтті.


▪️Бұған қоса компания құрылтайшылары елімізде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалардың ауқымын кеңейтіп жатыр. Атап айтқанда, 2021 жылы Абай облысының Жарма ауданындағы «Қазақцемент» кәсіпорнын сатып алып, модернизация жасау арқылы 450 жұмыс орнын ашқан.


▪️Сонымен қатар таяу жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданында тағы бір цемент өндіру зауыты іске қосылмақ. Зауыт өнімі көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттеріне экспортталады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Alacem #зауыт #Өндіріс орны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);