ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Президент әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Президент әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Әлеумет 08.03.2022, 05:50 1,254
Президент әйелдер қауымын мерекемен құттықтады
Cурет: Den-der.kz
Тоқаев асыл аналардың еңбегі қандай құрметке де лайық екенін атап өтті

Тоқаев асыл аналардың еңбегі қандай құрметке де лайық екенін атап өтті


Президент әйелдер қауымын мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап. 
                                             


Қымбатты ханымдар!


Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Осынау шуақты көктем мерекесі әсемдік пен әдеміліктің, мейірім мен махаббаттың символына айналды.  Халқымыздың «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген нақыл сөзінің терең мән-маңызы бар.
Қазақстанда әйелдерге барлық жағдай жасалған. Олар білім беру мен денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт,  өндіріс пен құқық қорғау және басқа да салаларда табысты еңбек етуде.
Мемлекеттік органдар мен ірі компанияларда басшылық қызмет атқаратын немесе бизнес саласында кәсібін өркендетіп жүрген әйелдеріміз аз емес. Қыз-келіншектер еліміздің қоғамдық-саяси өміріне де белсене атсалысуда.
Өскелең ұрпаққа өнегелі тәлім-тәрбие беру ісінде әйелдер айрықша рөл атқарады. Асыл аналардың еңбегі қандай құрметке де лайық.
Кез-келген істе әйелдердің кәсіби біліктілігі пен жауапкершілігі айқын аңғарылады. Олар барлық ортада үндестік пен үйлесімді, өзара түсіністік пен татулықты нығайтуға ұйытқы болады.
Біздің еліміз саяси өзгерістер мен жүйелі жаңғыру кезеңіне қадам басты. Осы орайда, әйелдер қауымының жасампаздық қасиеті мен күш-қуаты Жаңа Қазақстанның ілгерілеуіне септігін тигізеді деп сенемін.  
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!              

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,428 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.