AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президент Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Ә...

Президент Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады

Билік 24.03.2022, 14:38 1,160
Президент Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады
Сурет: Akorda.kz.

Тоқаев азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.


Президент Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің 2021 жылы атқарған жұмысының қорытындылары, соның ішінде азаматтардың құқықтарын қайта қалпына келтіруге көмектесу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берілді.


Эльвира Әзімова Мемлекет басшысына сотқа дейінгі тергеу сатысында оның ішінде қаңтар оқиғасы аясында адам құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде баяндады. Сонымен қатар Президентке құқық қорғау органдарының қызметі туралы заңнаманы жетілдіру, төтенше жағдай режимі кезінде адам құқықтарын қорғау және алқабилер сотының мандатын кеңейту жөнінде ұсыныс берілді.


Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Конституциялық сотқа жүгіну құқығын беру туралы Президент бастамасы аясында омбудсмен Мемлекет басшысына Еуропа Кеңесі Венеция комиссиясының ұсыныстары жөнінде жеткізді. Аталған бастама Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы Жолдауында айтылды.


Эльвира Әзімова Президентке адам құқықтары саласындағы екінші шаралар топтамасы бойынша әзірленіп жатқан ұсыныстарды таныстырды.


Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы уәкілдің Бас прокуратурамен тығыз байланыста болып, халыққа тергеу нәтижелері туралы кеңінен ақпарат беру қажет екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Ақорда #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);