AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммиті...

Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу рәсіміне қатысты

Саясат 16.01.2023, 09:25 1,452
Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің ашылу рәсіміне қатысты
Сурет: Akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында «Абу Даби тұрақты даму апталығы» атты саммиттің ашылу рәсіміне қатысты.


Сонымен қатар жиынға Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, Оңтүстік Корея Президенті Юн Сок Ёль, Әзірбайжан Президенті Ильхам Әлиев, Ангола Президенті Жуан Лоренсу, Мысыр Сыртқы істер министрі, БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы 27-ші сессиясының (СОР27) президенті Самих Шукри, сондай-ақ саясаткерлер, жаңартылатын энергия, технологиялық даму және инновация салаларының жетекшілері, инвесторлар мен кәсіпкерлер қатысты.


Саммит аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.


ADSW 2023 – орнықты даму үдерісіне халықаралық күш-жігерді қолдауға бағытталған БАӘ жаһандық бастамасы. Абу Даби саммиті – азық-түлік пен су ресурсы қауіпсіздігі, энергияға қолжетімділік, өнеркәсіпті көміртегінен арылту, денсаулық сақтау және климаттағы өзгерістерге бейімделу сияқты ауқымды әрі өте маңызды мәселелерге арналған биылғы алғашқы халықаралық форум.


Жиынның мақсаты – жаһандық қоғамдастықты біріктіретін және түрлі мәселелерде, жаңашыл серіктестік қатынастар мен инновациялық шешімдерде келісімге қол жеткізу үшін конструктивті диалогқа жол ашатын орнықты даму саласының күн тәртібін қалыптастыру және COP28 конференциясына тың серпін беру.


ADSW 2023 алаңында алғаш рет Жасыл сутегі саммиті өткізіледі. Онда экономиканың негізгі секторларын көміртегінен арылту ісінде саммиттің әлеуеті айқындалады.


«Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитінің аясында Zayed Sustainability Prize сыйлығын тапсыру рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлықты Global High Schools номинациясы бойынша (Америка аймағы) колумбиялық Fundacion Bios Terrae - ICAM  Ubate мектебіне табыс етті.


Zayed Sustainability Prize – тұрақты даму саласындағы орасан зор жетістігі үшін берілетін Біріккен Араб Әмірліктерінің жаһандық сыйлығы. Бұл марапат БАӘ Тұңғыш Президенті марқұм шейх Заид бен Сұлтан Әл Нахаянның гуманитарлық мұрасына құрмет белгісі ретінде 2008 жылы өткен «Болашақтың энергиясы» әлемдік саммитінде тағайындалды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Cаммит #ашылу рәсімі #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);