AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Президен Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтад...

Президен Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады

Әлеумет 01.05.2022, 04:15 1,147
Президен Қазақстан халқын Бірлік күнімен құттықтады
Cурет: Ақорда

Жаңа Қазақстанды құру бастамасы бүкіл қоғамды ұйыстыруда


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Бірлік күні мерекесімен құттықтайды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Almaty-akshamy.kz оқырман назарына Мемлекет басшысының құттықтауының толық мәтінін ұсынады.


***


Қымбатты отандастар!
Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Мамырдың осы мамыражай мерекесі – еліміздің тұтастығы мен ырыс-ынтымағының символы.
Достық пен өзара түсіністік дәстүрлері халқымыздың сана-сезімінде берік орныққан. Бұл қасиеттер берекелі өмірдің, бейбітшілік пен келісімнің өзегі болып отыр.
Тағдырдың жазуымен кең байтақ қазақ жерінде тоғысқан әр алуан мәдениеттер тұтаса келе ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.
Біздің мақсатымыз бір, құндылықтарымыз ортақ. Мызғымас бірліктің арқасында қиындықтан қаймықпай, жаһандық сын-қатердің бәрін еңсеріп келеміз.
Бүгінде Жаңа Қазақстанды құру бастамасы бүкіл қоғамды ұйыстыруда. Бұл идея ел азаматтарының жасампаздық қуатынан бастау алады. Мемлекетімізді жан-жақты жаңғыртуға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек.
Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!
Аспанымыз әрдайым ашық болсын!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #құттықтау #Бірлік күні
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);