AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Премьер-Министр орынбасарларына міндеттерін бөліп...

Премьер-Министр орынбасарларына міндеттерін бөліп берді

Саясат 01.04.2022, 15:50 1,705
Премьер-Министр орынбасарларына міндеттерін бөліп берді
Сурет: Aikyn.kz

Әлихан Смайыловтың өкімімен вице-премьерлердің әрқайсы жеке салалар бойынша жауапты болды.


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Премьер-Министрдің орынбасарлары арасында міндеттерді бөлу туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің ресми ресурсына сілтеме жасап.



Құжатқа сәйкес, Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Роман Склярдың міндеттеріне көлік инфрақұрылымын және логистиканы, құрылысты дамыту және ТКШ жаңғырту мәселелері енгізілді. 
Сондай-ақ Р. Скляр энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, жаңартылатын энергия көздерін, көмір, атом өнеркәсібін және ядролық энергетиканы дамыту, өнеркәсіп, инновациялар, техникалық реттеу, электр энергетикасы, геология және жер қойнауын пайдалану, мұнай химиясы, экспорттық бақылау, қоршаған ортаны қорғау, агроөнеркәсіптік кешен, жылу беру маусымдарына дайындық және оларды өткізу, төтенше жағдай және жұмылдыру жұмысы, ғарыш қызметі, байланыс және басқа мәселелерге жетекшілік етеді.



Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов білім мен ғылымды дамыту, денсаулық сақтау, әлеуметтік жаңғырту, жұмыспен қамту, мәдениет пен спортты, туризмді дамыту, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты, қоғамдық сананы жаңғырту, конфессияаралық және этносаралық келісімді қамтамасыз ету, мемлекеттік тілді дамыту, демографиялық және көші-қон саясаты мәселелеріне жауапты. 


Сондай-ақ үйлестірілетін мәселелер қатарында мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы мәселелері бар.



Премьер-Министрдің орынбасары Мұхтар Тілеуберді сыртқы саяси бағдарды іске асыру, сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру және халықаралық шарттардың жасалуын үйлестіру, оның ішінде ҚР Мемлекеттік шекарасын межелеу, шегендеу, сыртқы инвестицияларды тарту, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржылық, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ басқа да байланыстарын кеңейту мәселелерімен айналысады.


Сонымен қатар көші-қон саласындағы халықаралық ынтымақтастық, шет елдермен үкіметаралық комиссиялардың қызметін үйлестіру де кіреді.



Премьер-Министрдің орынбасары Бақыт Сұлтанов сауда саясаты, тариф саясаты, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастық, Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік етеді.



Премьер-Министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев қаржы секторы, макроэкономикалық саясат, бюджет, салық және кеден саясаты, мемлекеттік жоспарлау жүйесі, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, концессия мәселелерін қоса алғанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелерін үйлестіреді. 


Сондай-ақ инвестициялық саясат, статистика, жобалық басқаруды дамыту, кәсіпкерлер үшін әкімшілік кедергілерді азайту, халықаралық қаржы институттарын үйлестіру мәселелері бекітілді. 


Бұған қоса экономиканы монополиясыздандыру, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін реформалау, бизнестің проблемалық мәселелерін қарау және шешу қызметтерін реттейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#премьер #министр #смайылов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);