Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Премьер-министр жаңа көпқабатты үйлерді тексеруді...

Премьер-министр жаңа көпқабатты үйлерді тексеруді тапсырды

Әлеумет 05.08.2023, 10:52 1,517
Премьер-министр жаңа көпқабатты үйлерді тексеруді тапсырды
Сурет: Astanatv.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Алматыдағы "Ақкент" тұрғын үй кешенінде болған өрттің салдарын жою мәселесі қаралды.


Премьер-Министр көпқабатты ғимаратта болған өрттен 42 адам зардап шеккенін айтып, Үкімет атынан қаза тапқан әйелдің туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов өрт сөндірушілер жұмысының бірқатар факторға байланысты күрделене түскенін айтты. Мәселен, аула ішіне қойылған автокөліктердің себебінен өрт сөндіру техникасына оқиға орнына қарай өту қиынға соқты. Сондай-ақ балкондардағы шұғыл эвакуациялауға арналған апаттық люктер жабық болған.


Өрттің себептерін анықтау үшін бірқатар сараптама тағайындалды. Тергеу аяқталғаннан кейін тиісті процессуалдық шешімдер қабылданатын болады.


Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы айтып берді. Атап айтқанда, кіреберістер мен зардап шеккен пәтерлерге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ тұрғындарды уақытша басқа жерге орналастыру (пәтер жалдау) бойынша шығындарды өтеу көзделген.


Премьер-Министр көпқабатты үйлерде өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын өзектендіріп, сондай-ақ тұрғын үй инспекцияларының жұмысын жандандыру қажеттігін атап өтті.


"Төтенше жағдайлар министрлігі өткізіліп жатқан оқу-жаттығулар аясында халықтың өрт кезіндегі іс-қимылдарға дайындық деңгейін арттыру жөнінде шаралар қабылдауы тиіс", — деді Үкімет басшысы.

Сонымен қатар Премьер-Министр барлық өңірде үй орамдарының инфрақұрылымын дайындау және оларды абаттандыру кезінде шұғыл қызметтердің қозғалысын да ескеру қажеттігін атап өтті, өйткені "Ақкент" тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде ауладағы автомобильдер мен биік бордюрлар өрт сөндіру техникасының жұмысына кедергі келтірді.


Қорытындылай келе, Әлихан Смайылов тұрғындарды үйлеріне тезірек қайтару үшін қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетуді, өртке қарсы талаптарды сақтау бойынша жаңа көпқабатты үйлерге тексеру жүргізуді, сондай-ақ республика бойынша ТЖМ бөлімшелерінде жыл сайын техника жаңарту кезінде биік ғимараттарда жұмыс істеу үшін арнайы техника қажеттілігін ескеруді тапсырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#премьер-министр #тексеру #көпқабатты үйлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.