AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Прага халқы қымбатшылыққа қарсы

Прага халқы қымбатшылыққа қарсы

Әлем 13.03.2023, 10:23 1,161
Прага халқы қымбатшылыққа қарсы
Сурет: ашық дереккөз


Прагада қымбатшылықтан шаршаған халық наразылыққа шықты. Олардың басты талабы – ел Үкіметінің отставкасы.




Прага орталығында мыңдаған адам наразылық акциясына шығып, ел Үкіметінің отставкасын талап етті, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.


Euronews агенттігінің жазуынша, «Чехия кедейлікке қарсы» атты ұранмен өткен наразылық акциясына келгендер ел Үкіметінің отставкасын талап еткен. Сондай-ақ, акция кезінде Чехия Украинаға көмекті тоқтатып, өз халқының жағдайына назар бөлсін деген талап айтылды. Айта кетейік, шараны жаңа, парламенттік емес PRO партиясы ұйымдастарған.



«Украинаны қолдау үшін ел бюджетінен қанша қаражат бөлінді? Ресей мен Украина арасындағы соғыста біздің Үкімет бейбіт келісімге қол жеткізуге талпынудың орнына отқа май құйып отыр», - дейді шараны ұйымдастырушылардың бірі Иржи Ганц.



Ал, Чехиядағы инфляция деңгейі қазір рекордтық көрсеткішке жеткен. Украинадағы соғысқа байланысты энергия тасымалдау құралдарының қызмет ақысы өскен соң, елде жаппай қымбатшылық басталған. Чехия билігі болса, Киевке қару-жарақ жіберіп, жарты миллионға жуық босқынды қабылдап алған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Прага #қымбатшылық #Ереуіл
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);