AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Портреттер «сөйлейді»

Портреттер «сөйлейді»

Көрме 02.10.2024, 11:38 2,169
Портреттер «сөйлейді»
aqshamnews.kz

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде Қазақстанның Халық суретшісі Сабыр Әбдірасылұлы Мәмбеевтің (1928-2017) «ШЕБЕРДІҢ КЕСКІНДЕМЕСІНДЕГІ ПОРТРЕТ» атты жеке көрмесі ашылады. Экспозицияда суретшінің отбасылық қорынан алынған жиырмадан астам кескіндемелік туындысы қойылады.

 Қазақстанның Халық суретшісі Сабыр Әбдірасылұлы Мәмбеев – 1950 жылдардағы Қазақстан бейнелеу өнері буынының өкілі. Сол жылдары қазақ бейнелеу өнерінің өрлеуі Мәскеу, Ленинград, Харьков, Киев қалаларындағы көркемөнер жоғары оқу орындарында білім алған К. Телжанов, М. Кенбаев, Г. Исмаилова, А. Ғалымбаева, К. Шаяхметов, С. Мәмбеев және басқа да дарынды суретшілердің келуімен байланысты болды. Кәсіби білім алған қазақ суретшілері бейнелеу өнеріне жаңаша үн қосты. Кескіндеме салу тәсілдері дәстүрлі рухани-көркем құндылықтармен байытылып, суретшілердің шығармашылығы ұлттық колоритпен жаңғыртылды.

– Сабыр Мәмбеев бейнелеу өнерінде ұлттық кескіндеме тілі мен өзіндік мәнерін табуға ұмтылған алғашқы қазақ суретшілерінің бірі болды. Биылғы көрме суретшінің шығармашылығындағы портрет жанрына арналады. Бұл туындылардың арасында көрермендер назарына алғаш рет ұсынылып отырған жұмыстар да бар, – дейді көрме жетекшісі, музейдің «Қазақстан бейнелеу өнері» бөлімінің аға ғылыми қызметкері Л. Әбілдаева.

Сабыр Әбдірасылұлы 1946 жылы Алматы көркемөнер училищесін, 1953 жылы КСРО Көркемөнер академиясының И. Е. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтын тәмамдады. Алматы көркемөнер училищесінде сабақ берді. 1963 жылы «Қазақ КСР-нің өнеріне еңбек сіңірген қайраткер» атағын алды. 1978 жылы «Халықтар достығы» орденімен марапатталды. 1980 жылы «Қазақ КСР Халық суретшісі» атағына ие болды. Бірнеше рет Қазақстан Суретшілер одағының төрағасы болып сайланды.

 Көрме 8 қазан күні ашылып, 27 қазанға дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сабыр Әбдірасылұлы #суретші #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);