ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Полицейлер “нөлдік төзімділік” қағидаты туралы еск...

Полицейлер “нөлдік төзімділік” қағидаты туралы еске салады

Заң мен тəртіп 04.01.2024, 10:32 1,489
Полицейлер “нөлдік төзімділік” қағидаты туралы еске салады
Сурет: Polisia.kz
Нөлдік төзімділік – ұсақ құқық бұзушылықтарға теріс реакция.

Нөлдік төзімділік – ұсақ құқық бұзушылықтарға теріс реакция.


Мысалы, бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық, ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда алкоголь ішу, тіпті қоқыстарды тастау болуы мүмкін.


ІІМ атап өткендей, негізгі әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыстың тиімділігін тексеру мақсатында талдау жүргізілді. Ведомствоның мәліметінше, талдау қағидаты сынған терезелер теориясына ұқсас – полиция бұл бұзушылықтарды неғұрлым белсенді анықтаса, қоғам соғұрлым тәртіпті болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 


Ал тәртіпсіздік неғұрлым аз болса, тәртіпті бұзуға деген ұмтылыс соғұрлым аз болады. Бұл қағида күн сайын жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтауға арналған. Мысалы, өткен жылдың басынан бастап бүкіл ел бойынша, әсіресе Астана, Алматы және Қарағанды облыстарында құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша полицияның жұмыс белсенділігінің артуы байқалады.


Ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, рұқсат етілмеген орындарда темекі шегу және абаттандыру ережелерін бұзу бойынша фактілердің тіркелуі көбейді. Ал қоғамдық орындарда алкогольді ішу және қоқысты шығару фактілері азайды. Өткен жылдың 11 айында “нөлдік төзімділік” аясында 614 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 16 мың ұсақ бұзақылық фактісі, 87 мыңы – тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда алкоголь ішу – 170 мың, темекі шегуге тыйым салуды бұзу – 16 мың, абаттандыру ережесін бұзу – 203 мың, қоқыс тастау – 119 мың. Кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік – қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам.


Осыған байланысты полицейлер қазақстандықтарды өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетуге, заңды бұзбауға, сондай-ақ кез келген құқық бұзушылықты байқап қалса, бұл туралы “102”-ге хабарлауға шақырады.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/politsejler-noldik-tozimdilik-qaghidaty-turaly-eske-salady/

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.