AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Полиорталықтарды дамыту және Бас жоспарды түзету:...

Полиорталықтарды дамыту және Бас жоспарды түзету: Алматыда қала құрылысының жаңа бағыттары талқыланды

Барлығы 15.09.2025, 16:14 747 Дина
Полиорталықтарды дамыту және Бас жоспарды түзету: Алматыда қала құрылысының жаңа бағыттары талқыланды
сурет: әкімдік

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен мегаполистің Бас жоспарын түзету және ауқымды құрылыс бастамаларын жүзеге асыру мәселелеріне арналған жиын өтті, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Басқосуда полиорталықтардың дамуына ерекше мән берілді. Атап айтқанда, «Батыс қақпа» мен «Шығыс қақпа» жоспарлары қала өркендеуінің жаңа тірегіне айналмақ. Бұл жобалар жаңа тұрғын үйлер мен іскерлік орталықтарды қалыптастырып, орталыққа түсетін салмақты азайтады. Сонымен қатар, заманауи қоғамдық кеңістіктер, жұмыс орындары мен әлеуметтік инфрақұрылым пайда болады. 

Дархан Сатыбалды құрылыс сапасын қатаң бақылау қажеттігін баса айтты.

"Алматының Бас жоспарын түзету мәселесі қазір күн тәртібінде тұр. Бұл өз кезегінде егжей-тегжейлі жоспарларды қайта қарауды және оларды құрылыс барысында бұлжытпай сақтауды талап етеді. Қала тұрғындарының тұрмысын нашарлататын шамадан тыс тығыз құрылыстан сақ болған жөн. Әрбір жоба салалық басқармалардың сүзгісінен өтіп, мұқият тексерілуге тиіс. Белгілі бір ескертулер анықталса, олар нысан пайдалануға берілмей тұрып тез арада түзетілуі қажет", – деді қала әкімі.

Сондай-ақ, әкім жасыл аймақтарды қорғау мен мектептердің, әлеуметтік нысандардың жаяу қашықтықта орналасуы аса маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, басты назарда қала мен тұрғындардың мүддесі тұруы керек, ал жеке құрылыс компанияларының пайдасы екінші орында болуы қажет.

Жаңартылған Бас жоспардың маңызды бөлігі – Мемлекет басшысының Алматыға соңғы жұмыс сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес, таулы аумаққа құрылысқа мораторий жариялануы.

Жаңа Бас жоспар мен полиорталықтардың жоспарларын жүзеге асыру Алматыға заманауи келбет сыйлап, жаңа аудандар, бизнес орталықтар мен жайлы қоғамдық кеңістік құруға жол ашады. Бұл ретте, тарихи орталық сақталып, құрылыс, әлеуметтік нысандар мен жасыл аймақтар арасында үйлесімді тепе-теңдік орнайды. Сонымен бірге жаңартылған жоспар қалаға сәулеттік тұтастық беріп, туристік тартымдылығын арттырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дархан Сатыбалды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);