конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Полиглоттар қаласы: Алматыда тегін «Тілдер саябағы...

Полиглоттар қаласы: Алматыда тегін «Тілдер саябағы» жобасы басталды

Әлеумет 31.07.2024, 09:25 1,188
Полиглоттар қаласы: Алматыда тегін «Тілдер саябағы» жобасы басталды
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда ашық аспан астында қазақ және шет тілдерін оқыту бойынша тегін курс ұйымдастыруға бағытталған «Тілдер саябағы» қалалық әлеуметтік жобасы ашылды.

Жоба қаланың жастар саясаты басқармасының, Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесінің және қала еріктілерінің фронт кеңсесінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Тілдер саябағы» лингвистикалық жобасы Алматы қаласының ірі саябақтарында ашық ауада оқытылады, мегаполистің барлық 8 ауданын қамтиды.

Қазір онда қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай және корей тілдерінен курстар бар. Сабақтар аптасына 3 рет өткізіледі, 6 жастан 60 жасқа дейінгі барлық ниет білдіруші қатыса алады. Жоба аяқталған соң қатысушыларға тілді меңгеру деңгейін растайтын сертификат беріледі. 

Алдағы уақытта жобаны ұйымдастырушылар басқа да шет тілдерін қосуды жоспарлап отыр. 

«Тілдер саябағы» қыркүйектің соңына дейін екі ай бойы жұмыс істейді. Жобаның ең белсенді қатысушылары үшін күзгі-қысқы уақытта ауданның комьюнити орталықтары базасында оқу жалғасады. Осылайша, жоба қала тұрғындарын жыл бойы оқытады.

Айта кетейік, жыл сайын Алматыда жастарға арналған 1000-нан астам тегін курс, экологиялық, мәдени және спорттық іс-шара өткізіледі. Бұл жобалардың барлығы жастарды қаланың қоғамдық өміріне тартуға, жеке дамуына және бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған.

«Тілдер саябағы» аясында сабақтар барлық ауданда бір мезгілде өткізіледі. Курстың кестесін мына сілтеме бойынша көруге болады: https://www.instagram.com/p/C-C4eY7qieD/?igsh=NzI3aG4xNmVic3Iz

Толық ақпарат: +7 747 821 6478, Алматы еріктілерінің фронт кеңсесі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Тілдер саябағы #жоба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);