AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Пойыздардың жолдағы уақыты қысқаруы мүмкін

Пойыздардың жолдағы уақыты қысқаруы мүмкін

Әлеумет 17.06.2026, 11:17 425
Пойыздардың жолдағы уақыты қысқаруы мүмкін
Элеонора Якия

«Қазақстан темір жолы» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов мәлімдеуінше, ұзақ бағытқа қатынайтын жолаушылар пойыздары жол уақытын қысқарту үшін кейбір шағын станцияларға тоқтамауы мүмкін, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, мұндай тәсілді Қазақстаннан Ресейге қатынайтын халықаралық бағыттарда қолдануға болады.

«Мысалы, бізде халықаралық пойыздар бар. Атап айтқанда, Астанадан Омбыға баратын пойыз 22 рет аялдайды. Біз осындай халықаралық пойыздардың шағын станцияларға тоқтауы қажет пе, жоқ па деген мәселені қарастырып жатырмыз», – деді ол үкіметте өткен брифинг барысында.

Ахметжановтың пікірінше, бұл мәселені шешу мемлекеттер арасындағы жолаушылар пойыздарының жүру жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді. ҚТЖ басшысының орынбасары Астана мен Петропавл арасында алты пойыз қатынайтынын, олардың толтырылу деңгейі шамамен 15 пайыз екенін атап өтті. Осыған байланысты шағын станциялардағы аялдамаларды қысқарту жолаушылар тасымалының жылдамдығын арттыруы мүмкін деп есептейді.

Оның айтуынша, жазғы кезеңде жолаушылар пойыздарының қозғалыс жылдамдығына инфрақұрылымды жаңғырту және жөндеу жұмыстары да әсер етеді.

Әнуар Ахметжановтың айтуынша, Talgo вагондарының қозғалыс жылдамдығы кәдімгі вагондарға қарағанда 20–25%-ға жоғары. Сол сияқты Stadler пойыздарының да жылдамдығы жоғары болады. Сондықтан вагон паркін заманауи құрамдармен жаңарту жалпы пойыздардың жүру жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пойыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);