ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Питчингке қатысатын киножобалардың алдымен сценари...

Питчингке қатысатын киножобалардың алдымен сценарийі таңдалмақ

Мәдениет 09.11.2023, 11:15 1,316
Питчингке қатысатын киножобалардың алдымен сценарийі таңдалмақ
Сурет: Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы
Отандық киногерлер жыл басынан бері питчингке құжат өткізу тәртібін өзгерту, Сараптамалық кеңестің құрамын қайта қарау және сценарлық комиссия құру бойынша мәселелерді көтеріп келеді.

Отандық киногерлер жыл басынан бері питчингке құжат өткізу тәртібін өзгерту, Сараптамалық кеңестің құрамын қайта қарау және сценарлық комиссия құру бойынша мәселелерді көтеріп келеді.


Осыған байланысты киногерлердің қатысуымен қолданыстағы ҚР «Кинематография туралы» заңының нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс тобы құрылған болатын, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


 Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығында жұмыс топтарының кезекті отырысы өтті. Жиынға киногерлерден бөлек, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің төрайымы Күміс Сейітова, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали қатысты. Мамандар мынадай өзгерістер енгізуді ұсынды:



  • Сараптама кеңесі әуелі ең үздік және қызықты деген сценарийлерді таңдайды. Содан кейін таңдалған киножобалардың тиісті құжаттары жиналып, питчингке қатысуға жіберіледі (құжаттарды тапсырғаннан кейін анықталған қателерді түзеуге 3 күн беріледі);

  •  Питчингке компаниялар әр категория бойынша (көркем, деректі және анимациялық фильмдер) тек 2 жоба өткізе алады;

  •  Мемлекет қаржысын алуға үміткер киножобаларды қабылдайтын Сараптама кеңесі 15 маманнан тұруы керек. Әр категорияның (көркем, деректі және анимациялық фильмдер) өз Сараптама кеңесі (5 мүшеден) болады. Бірақ қорытынды шешімді бірігіп шығарады;

  •  Сараптама кеңесінің құрамында кинотанушы, киносыншы, кинопрокат саласының өкілдері және міндетті түрде киноөндірісіне қатысы бар мамандар болуы шарт;

  •  Кеңес мүшелерінің қаржыландыруға ұсынған киножобада жұмыс істеуіне немесе ақылы қызмет көрсетуіне құқығы жоқ;

  •  Питчинг аяқталғаннан кейін Сараптамалық кеңестің қорытындысы мен Ведомствоаралық комиссияның ұсыным нәтижелері Киноорталықтың интернет-ресурсында бірден жарияланады.


 Бұл енгілізуі мүмкін өзгерістердің тек бір бөлігі ғана. Киноорталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағалидың айтуынша, бұған дейін жұмыс тобының мүшелерімен бірнеше отырыс өтті. Киногерлерден әлі де көптеген ұсыныс түсіп жатыр. Алдағы күндері оның барлығы жіті қаралып, құжат жобасына енгізілмек.


 «Мақсатымыз – отандық киноиндустрияны дамытатын, сала мамандарының шығармашылығына еш кедергі келтірмейтін, қазіргі заманға лайықталған «ортақ ереже» қабылдау. Ең бастысы, біз бұл жұмыстарды кино саласы мамандарының өздерімен бірігіп, ақылдасып атқарып жатырмыз. «Келісіп пішкен тон келте болмайды» деген үміттеміз», - деді Құрманбек Жұмағали.


 ҚР «Кинематография туралы» заңының нормативтік-құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бағытындағы жұмыс топтарының отырыстары алдағы уақытта да өтетін болады. Қорытынды ұсыныстар жинақталғаннан кейін Мәдениет және ақпарат министрлігіне жолданады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,264 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.