AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқандарға қанда...

Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқандарға қандай шара қолданылады

Әлеумет 25.12.2023, 05:55 1,138 Almaty-akshamy.kz. 
Пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатқандарға қандай шара қолданылады
Сурет: ашық дереккөз

Еліміздің аумағында «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Асылбек Ыдырысов айтты, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.





«Ішкі істер министрлігі осы жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 3 қаңтар аралығында Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғау бөлімшелерімен бірлесіп, «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасын өткізеді. Аталған іс-шара нарықтарда сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдарды, сондай-ақ оларды рұқсатсыз бей-берекет сату фактілерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған. Іс-шаралар барысында пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау тәртібінің сақталу мәніне заңды тұлғалар және сауда орындарын тексеретін болады», - деді ол министрліктің баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.




Оның атап өтуінше, кәмелетке толмағандармен пиротехникалық бұйымдарды пайдалану кезінде жарақат алудың профилактикасына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл ретте, мектептерде оқушылармен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Пиротехника – бұл өрттің шығуына ғана емес, адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіретін қауіпті құрал. Оны дұрыс пайдаланбаса жазатайым жағдайға әкелуі мүмкін.




«Қауіпсіздік мақсатында пиротехникалық бұйымдарды сату қызметі түріне тиісті лицензиялары бар мамандандырылған дүкендер мен сауда орындарынан ғана сатып алған дұрыс. Пиротехниканы сатып алу кезінде ең алдымен сатушыдан өнімге сәйкестік сертификатын талап ету қажет. Әрбір пиротехникалық бұйым үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде оны қолдану жөніндегі нұсқаулық болуы керек. Бұйымның сыртқы қаптамасының дұрыстығына және сақтау мерзіміне міндетті түрде назар аударған жөн», - деді Асылбек Ыдырысов.




Министрлік өкілінің айтуынша, елімізде пиротехникалық бұйымдарды өндіру, сату қызметі лецензиялауға жатады. Бүгінгі күні осы қызмет түрімен айналысатын 40-тан астам заңды тұлға тіркеуде тұр. Ал пиротехникалық бұйымдарды заңсыз (рұқсат құжаттарсыз) сатқаны, өткізгені, тасымалдағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс баптарымен жауапкершілік көзделген.


Атап айтқанда, еркiн сауда жасауға Қазақстан заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасағаны үшін 86 мың 250 теңге, жеке тұлғалардың тыныштығын пиротехниканы қолдана отырып бұзғаны үшін 69 мың теңге мөлшерiнде айыппұл салынады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пиротехника #заңсыз #төтенше жағдай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);