AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Пингвиндер жойылып кетуі мүмкін

Пингвиндер жойылып кетуі мүмкін

Әлем 28.08.2023, 09:26 1,296 Almaty-akshamy.kz. 
Пингвиндер жойылып кетуі мүмкін
Сурет: ашық дереккөз

Императорлық пингвиндер жер бетінен жойылып кетуі мүмкін. Ғалымдар осылай деп дабыл қағып отыр.


Олардың алаңдауы бекер емес. Өйткені соңғы зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, былтыр 10 мыңдай балпанақ қырылып қалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Ғалымдар Антарктикадағы Беллинсгаузен теңізіндегі императорлық пингвиндерді бақылаған. Бұл теңіз құстарының ішіндегі ең ірілері. Былтыр солардың 10 мың балапаны қырылып қалған. Өйткені олардың тіршілік етуі үшін қажетті мұз тез жұқарып барады. Сөйтіп қанаты әлі қатпаған балапандар суға құлап, өз бетінше жүзе алмай, өліп қалады екен.



Норман Рэтклифф, британдық антарктикалық қызметінің өкілі: - Біз императорлық пингвиндердің 5 тіршілік ету аймағын бақыладық. Мұндай жағдай солардың төртеуінде тіркелген. Былтыр тек бір аймақта ғана балапандар тірі қалған.



Бұған климаттың өзгеруі себеп дейді мамандар. Рекордтық температура салдарынан мұз қатып үлгермейді. Әдетте минус 50 градус болатын кезде былтыр Антарктидада минус 10 градус болған.



Норман Рэтклифф, британдық антарктикалық қызметінің өкілі: - Бүкіл Антарктида бойынша 2,7 миллион шаршы шақырым мұз еріп кеткен. Бұл Ұлыбритания аумағынан 10 есе көп. Кейінгі 45 жылда мұндай жағдай алғаш рет тіркеліп отыр.



Антарктидада императорлық пингвиндердің 62 мекен ету аймағы белгілі. 2018-2022 жылдар аралығында солардың 30 процентіне мұздықтардың еруі әсер еткен. Жағдай осылай жалғаса берсе, осы ғасырдың соңына таман императорлық пингвиндердің 90 пайызы жер бетінен жойылып кетеді дейді ғалымдар. Олар мұндай жағдайды болдырмау үшін ең бастысы атмосфераға бөлінетін зиянды газдардың мөлшерін күрт азайту керек екенін тағы да айтады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#пингвин #Ғалымдар #бақылау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);