AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Pfizer қанша тұрады?

Pfizer қанша тұрады?

Әлеумет 06.10.2021, 15:40 1,171
Pfizer қанша тұрады?
almaty-akshamy.kz

Қазақстан сатып алатын Pfizer вакцинасының құнын өндіруші компания жария етуге рұқсат бермеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz



«Бұған дейін айтқанымдай, қазан мен қараша айында күтіп отырмыз. Барлығы Pfizer компаниясының жеткізіліміне байланысты. Бағасына қатысты айтар болсам, қазіргі уақытта Pfizer компаниясынан мәліметтерді жария етпеу туралы хат алдық. Сондықтан да бұл мәселе бойынша Pfizer компаниясына жүгіну қажет. Егер олар деректерді жария етуге рұқсат берсе, онда жария етеміз. Олай болмаған жағдайда, келісімшарт бұзылып, вакцинаны жеткізу мерзімі де сақталмауы мүмкін. Сондықтан кез келген компаниямен жұмыс барысында келісімшартты сақтауға тиіспіз», - деді министр.



Алексей Цойдың айтуынша, Pfizer компаниясы Қазақстан вакцинаны қанша сомаға сатып алатындығын жариялауға рұқсат бермей отыр.



«Біз жеке сұраныс та жібердік. Оны жария еткіміз де келген. Бірақ, қазіргі уақытта компания бізге бұлай жасауға тыйым салып отыр. Компания бұл мәселені тағы қарастырады деп ойлаймыз. Бүгін мәліметтерді жария етуге қатысты тағы да келіссөз жүргіздік. Дегенмен, қазіргі уақытта бізде шектеу тұр. Сондықтан мүмкіндік туындаған бойда бірден жария етеміз. Жалпы, өзге елдердегі бағамен бірдей. Бұл - компанияның баға саясаты», - деді Алексей Цой.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Pfizer #вакцина #Цой
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);