AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Петропавлдағы апат: Үйінді астында қалған жұмысшы...

Петропавлдағы апат: Үйінді астында қалған жұмысшы әйелдің денесі табылды

Оқиға 22.03.2022, 14:03 1,242
Петропавлдағы апат: Үйінді астында қалған жұмысшы әйелдің денесі табылды
Cурет: ТЖД

Іздеу жұмыстары 2 тәуліктен астам уақыт жүргізілді


Петропавлда жылу-электр орталығындағы апат кезінде үйінді астында қалған машинист-қараушының денесі табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.


Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жылу-электр орталығында түтін мұржасы опырылып түскен кезде үйінді астында қалған машинист-қараушының денесі табылғанын растады.


Әлеуметтік желіде әйелдің денесі табылғаны жөнінде ақпарат шамамен екі сағат бұрын тарады.
СҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кезекші ауысым қызметкерлерінің бар-жоғын анықтау кезінде қазандық цехының жабдықтарын қараушы машинист, 1984 жылы туған әйелдің жоқтығы анықталған.


СҚО ТЖД қызметкерлері оқиға орнында дереу іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады. Кейін оларға Нұр-Сұлтан қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қосылды.


Іздеу жұмыстары 2 тәуліктен астам уақыт жүргізілді. Бұл жұмысқа кинологиялық қызмет те тартылды. Ауыр инженерлік техниканы пайдалану мүмкіндігі болмағандықтан құтқарушылар үйінділерді қолмен шанц және гидравликалық құралдарды пайдалана отырып қопарды.


22 наурыз күні сағат 10.32-де құрылыс конструкцияларының үйінділерінің астынан әйелдің денесі табылды. Сағат 12.05-те мүрде үйінділердің астынан шығарылды және сот-медициналық сараптама жүргізу үшін берілді.


СҚО ТЖД психологиялық қызмет тобы марқұмның туыстарымен жұмыс істеп жатыр.
Жұмысшының аты-жөні - Наталья Олеговна Чефонова.


Естеріңізге салайық, 20 наурыз күні сағат 19.20 минут кеткенде Петропавлдағы жылу-элеутр орталығының бір мұржасы құлады.
Орталықтағы апатқа байланыста қылмыстық іс қозғалды.


ЖЭО-дағы түтін мұржасының жартылай құлауына байланысты облыс әкімі жедел штаб құрды.


Осы оқиға бойынша Президент облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды.
21 наурыз күні апат болған жылу орталығының директоры мен бас инженер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Петропавл #Жылу құбыры #Әйелдің денесі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);