Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Петропавлда жабайы еліктер қала ішінде жүр

Петропавлда жабайы еліктер қала ішінде жүр

Әлеумет 23.01.2023, 16:23 1,102
Петропавлда жабайы еліктер қала ішінде жүр
Сурет: Ашық дереккөз

Мамандардың айтуынша, бұлар - көрші елден келген Сібір еліктері.


Петропавлда жабайы еліктер қаптап жүр. Соңғы күндері қала көшелерінде оларды жиі байқауға болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Әлеуметтік желіге жүктелген бейнекадрлардан ен дала еркелерінің қала көшелерінде емін-еркін жүргенін байқауға болады. Көзбен көріп, ұялы телефондарына түсіріп, қызықтап жатқан тұрғындар оларды шаһар сыртындағы айналма жол мен орталық көшелерде жиі кездестіретін көрінеді.



«Аялдамада тұрған уақытта жүгіріп келе жатқан елікті көрдім. Қолымда ұялы телефон болып, түсіріп алдым. Шынымды айтсам, қала ортасында жүрген жабайы жануарды алғаш рет көруім», – деді қала тұрғыны Илья Пфайфер.



Облыс орталығының бірнеше жерінен тұрғындардың назарына іліккен жабайы еліктер адамдардан да, техникадан да шошып, үркімейтін көрінеді.



«Құрбымыз екеуміз кешкісін орталық көшеде кетіп бара жатып елікті көрдік. Жолды кесіп өтті. Көліктерден де, адамдардан да қорыққан жоқ. Мұны көріп таңқалдық», – деді  қала тұрғыны Виктория Старкова.  



Мамандардың айтуынша, бұлар - көрші елден келген Сібір еліктері. Былтыр ол жақта қар қалың түсіп, аяз күшейген. Сондықтан азық таппай, Қазақстанға көшіп келген.



«Ресейдің кей облысында қараша айының басында ауа райы бұзылып, қар жауып, аяз болды. Еліктерге сол кезде азық табу қиынға соққан көрінеді. Ал біздің облыста ауа райы қолайлы. Қарап отырсаңыз, жабайы жануарлар адамдардан аса қатты үрікпейді. Еліктердің біздің жақтан емес екенін бірден байқауға болады», – деді СҚО Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы бөлімінің басшысы Олег Беспалов.  



Бұған дейін жануарлар Мамлют, Қызылжар және Мағжан Жұмабаев ауданында жиі көзге түскен. Мамандар тұрғындарды еліктерді қорқытпауға шақырады. Ал қала ішінде немесе алыс жолға шыққандарға жолда қырағы болуға кеңес береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Петропавл #елік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.