AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Петропавлда Береке шағын ауданындағы өрт орнынан 5...

Петропавлда Береке шағын ауданындағы өрт орнынан 5 адамның мәйіті табылды

Оқиға 13.03.2022, 08:45 1,553 Almaty-akshamy
Петропавлда Береке шағын ауданындағы өрт орнынан 5 адамның мәйіті табылды
Cурет: ТЖД


ТЖМ  азаматтарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді


2022 жылы 13 наурызда сағат 01:07 СҚО ТЖ департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ 101 телефонына Мәскеу өткеліндегі 4 пәтерлі кірпіш тұрғын үйде (Береке шағын ауданы) өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Өрт сөндірушілер сағат 01:13-те келген сәтте үйдегі № 3 пәтер жанып жатқаны анықталды. Үйдің шатыры өртке оранған,  қою түтін басқан. Өрттің шығуы туралы хабарлама құзырлы органға кеш берілген.


Өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кіріскен. Өртті сөндіру барысында 1975, 1979, 1960 жылдары туған екі ер адамның және 1960, 1967 жылдары туған 2 әйел адамның денелері табылды. Қайтыс болған адамдардың  денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Үй орталық жылыту жүйесіне қосылған. Өрт сағат 01.53-те ауыздықталып, сағат 02.24-те сөндірілді.


Өрт сөндіру кезінде Петропавл қаласы 4 өрт сөндіру бөлімінің (№1, 2, 3 және 5) 30 өрт сөндірушісі мен 6 бірлік техникасы жұмылдырылды. Өрт аумағы 60 шаршы метрді құрады. 


Өрттің шығуына алкогольдік ішімдік ішіп, төсекте темекі тарту себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Келтірілген шығын мөлшері анықталуда. 2022 жылғы 1 ақпанда №5 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері аула аралау жұмыстары барысында өртте қайтыс болған ер адамдардың  бірі, 1960 жылы туған ер адамға өрт қауіпсіздік ережелері жазылған жадынама табыс еткен болатын. Қаза тапқандар халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жатпайды, спирттік ішімдік ішетін адамдар ретінде есепке алынбаған. Куәгерлердің айтуынша, өрт шығар алдында қайтыс болғандар спирттік ішімдік ішкен. Биылғы жылы СҚО аумағында 115 өрт болды, онда 12 адам қаза тапты, 4 адам зардап шекті, келтірілген материалдық шығын шамамен 72 млн теңгені құрады.


ТЖМ  азаматтарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өрт #оқыс оқиға #Адам шығыны
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);