AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Пешті пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін с...

Пешті пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!

Әлеумет 01.11.2024, 15:00 1,197 Bakyt
Пешті пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз!
gov.kz

Күзгі-қысқы кезеңнің басталуымен тұрғындарға электр жылытқыштарды, пештер мен газ жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік ережелері еске салынуда. Өрттердің көбі осы жабдықтарды пайдалану ережелерін бұзу салдарынан орын алады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Шымкент қаласы ТЖД қызметкерлері пештерді, электр жылытқыштарды, электр және газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндіруге ерекше назар аударуда. Іс-шара «ҚазТрансГазАймақ» АҚ филиалының қызметкерлері мен Жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірлесе ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында әлеуметтік осал топтардағы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ардагерлерге тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі, пештер мен газды жылыту құралдарын қолдану ережелері түсіндірілді. ТЖД мамандары электр аспаптары мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану тәртібін ерекше атап өтті, ал газ қызметі өкілдері газ сигнализаторларын орнату және пайдалану туралы толық ақпарат берді.

Өрт қауіпсіздігі мәдениетін арттыру мақсатында сұрақ-жауап түрінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар улы газбен улану кезінде алғашқы көмек көрсету, электр жылытқыштарды орнату және пайдалану талаптары бойынша тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Олар шұғыл қызметтердің байланыс нөмірлерін еске салып, өрт қауіпсіздігі туралы жадынамалар таратып, мұржаны жылыту маусымында қалай тазалау керектігін көрсетті.

Жылыту маусымы басталғалы қатты отынмен пайдаланылатын 3500-ден астам тұрғын үй, соның ішінде 83 мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен ардагерлердің үйлері тексерілді. Бұл үйлерде кезең-кезеңмен көміртегі тотығын анықтайтын сигнализаторлар орнатылуда. Бүгінгі күнге дейін 98 улы газды анықтайтын сигнализатор орнатылып, 193 пештің мұржасы арнайы тәсілмен тазаланды.

«Бұл шаралар тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігін насихаттап, өрт жағдайында дұрыс әрекет ету мәдениетін қалыптастыруға бағытталған», - деп түсіндірді ТЖД бастығының орынбасары Еркін Отарғалымұлы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚазТрансГазАймақ #пештер #қауіпсіздік
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);