конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Перизат Қайратқа қатысты тың дерек шықты

Перизат Қайратқа қатысты тың дерек шықты

Заң мен тəртіп 21.02.2025, 16:28 1,003
Перизат Қайратқа қатысты тың дерек шықты
Cурет: instagram.com/01pk

2025 жылдың 23 қаңтарында Перизат Қайратқа қатысты мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын салуға ақша жинау алаяқтығы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді.

Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырып, әлеуметтік жауапкершілік пен қайырымдылық мәселесіне қатысты сұрақтарды алға шығарды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

2021 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Ақмола облысында "Батыр" қоғамдық бірлестігіне оңалту орталығын салу мақсатында қайырымдылық аукционын өткізген. Оның айтуынша, аукцион нәтижесінде 48 миллион теңге жиналып, құны 100 миллион теңге болатын ғимарат сыйға тартылған.

Тергеу барысында анықталғандай, аукцион кезінде шын мәнінде 22 миллион теңге ғана жиналған. Перизат Қайрат бұл қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Сонымен қатар, ол "Батыр" қоғамдық бірлестігі үшін құны 30 миллион теңге тұратын жер телімін сатып алғанын мәлімдегенімен, бұл участокты бірлестіктің өзі 2019 жылы сатып алғаны белгілі болды.

Перизат Қайрат берген мәліметтерге қарамастан, оңалту орталығының құрылысы әлі басталған жоқ. Сондай-ақ, орталыққа қажетті делінген ғимарат мүлдем жоқ болып шықты.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Перизат Қайрат #сотқа дейінгі тергеу #тың дерек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);