AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Перизат Қайрат түзеу мекемесінде жұмыс істеу үшін...

Перизат Қайрат түзеу мекемесінде жұмыс істеу үшін оқудан өтеді

Оқиға 13.10.2025, 14:08 562 Дина
Перизат Қайрат түзеу мекемесінде жұмыс істеу үшін оқудан өтеді
сурет: instagram.com/01pk

Ішкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков Перизат Қайраттың түзеу мекемесінде қандай қызметке орналасатыны және оны анасы Ғайни Алашбаевамен бір колонияға жіберу мүмкіндігі туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Перизат Қайрат қайда жұмыс істеуі мүмкін?

Абай Қайырбековтың айтуынша, Перизат Қайраттың еңбекке орналастырылуы оның дағдылары мен қолжетімді вакансияларға байланысты айқындалады.

"Оны қай жерге орналастыра алатынымызды, сәйкес бос орындарды қараймыз. Егер біліктілігі жетіспесе мұндай сотталғандарға қажетті оқыту жүргізіледі", - деді ол.

Қажет болған жағдайда Перизат Қайратты түзеу мекемесі жанындағы колледжде немесе курстарда оқыту қарастырылатынын қосты.

Бір колонияға этаптау мүмкін бе?

Вице-министрдің түсіндіруінше, анасы мен қызын бір колонияға этаптау мүмкін. Алайда оларды бір бөлімшеде, әлде әртүрлі отрядта ұстау мәселесін мекеменің өзі оперативтік жағдай мен қауіпсіздік талаптарын ескере отырып шешеді.

"Мекеме ішінде орналастыру кезінде бұл мәселелер ескеріледі. Бір отрядта ма, әлде әртүрлі отрядта ма жазасын өтейтіні — оперативтік жағдайға байланысты шешіледі", - деді ол.

Бұған дейін не болды?

2024 жылғы қарашада Перизат Қайрат тасқыннан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен ұсталды. Тергеу мәліметінше, қаражаттың бір бөлігі элиталық жылжымайтын мүлік, көлік және қымбат сапарларға жұмсалған. Сондай-ақ ол ақшаны қолма-қол жасау үшін таныстары мен туыстарын тартты деген ақпарат болды.

Кейін Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайраттың тағы бір эпизод бойынша, Палестина халқына гуманитарлық көмек ретінде жиналған қаржыны жымқыруға қатысы болуы мүмкін екенін хабарлады.

Ақырында Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Перизат Қайрат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);