AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Педагог-психологтар жыл сайын ондаған мың балаға қ...

Педагог-психологтар жыл сайын ондаған мың балаға қолдау көрсетіп келеді

Білім және ғылым 10.10.2025, 11:18 801
Педагог-психологтар жыл сайын ондаған мың балаға қолдау көрсетіп келеді
Сурет: Gov.kz

Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, еліміздің 20 өңірінде Психологиялық қолдау көрсету орталықтары жұмыс жасауда.

Бұл орталықтар мектеп психологтарына әдістемелік қолдау көрсетеді және оқушылар мен олардың ата-аналарына кеңес берумен айналысады, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

Биылғы жылдың басынан орталықтар 13 мыңнан астам балаға және шамамен 10 мың ата-анаға психологиялық және консультациялық көмек ұсынды.

Еліміздің білім беру ұйымдарында 9 мыңнан астам маман оқушылар мен олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде. Жыл сайын олардың көмегін ондаған мың бала анық сезінеді.

Министрлік педагог-психологтардың штат санын арттыру, білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыруда.

«Мемлекет мектептердегі психологиялық қызметті күшейтуге ерекше мән береді. Педагог-психологтардың санын арттыру, мамандарға кәсіби және әдістемелік қолдау көрсету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде, психологиялық қызмет туралы заң жобасын әзірлеу қарастырылуда. Бұл шаралардың барлығы балаларға көрсетілетін психологиялық көмектің сапасын арттыруға бағытталған», — дейді Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың IV отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мәжіліс депутаттары «Психологиялық қызмет туралы» Заң жобасын әзірлеп, енгізген болатын. Құжат психологиялық көмек көрсету институтын жүйелі дамытуға бағытталған және қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда келісу кезеңінен өтуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Педагог-психолог #қолдау #оқушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);