AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Павлодарда қызметкер жүкті әйелдер арқылы 200 млн...

Павлодарда қызметкер жүкті әйелдер арқылы 200 млн теңге жымқырған

Заң мен тəртіп 28.11.2025, 17:33 463 Сұлу
Павлодарда қызметкер жүкті әйелдер арқылы 200 млн теңге жымқырған
сурет: oxu.az

Қаржы мониторингі агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастыру арқылы әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемасын ұйымдастырған тұлғалар тобына қатысты тергеу жүргізіп жатыр., - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Тергеу мәліметінше, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық бөлімінің басшысы өзінің кәсіби білімі мен лауазымдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жоспарды іске асыру үшін бухгалтер болып істейтін туысын тартқан. Бухгалтер әлеуметтік төлемдермен жұмыс істейтін кәсіпкерлердің бірқатарына қызмет көрсеткен және олардың электрон цифрлық қолтаңбаларына (ЭЦҚ) қолжетімді болған.

Осы ЭЦҚ-ларды иелерінің рұқсатынсыз пайдалана отырып, ол жүкті әйелдерді "жұмысқа қабылдау туралы" жалған бұйрықтар мен еңбек қатынастары заңды рәсімделгендей көрінетін өзге де құжаттарды дайындаған.

Схеманы кеңейту үшін бірнеше таныс адамдар тартылып, олардың міндеті жүкті әйелдерді табу және ұсынылған рәсімдеудің "заңды" екеніне сендіру болған. Жалған деректер негізінде уәкілетті органдар жәрдемақылар тағайындаған, ал алынған қаржы кейін схема қатысушылары арасында бөлініп отырған.

Тексеру қорытындысы бойынша:

  • 13 жеке кәсіпкердің атынан

  • 50-ден астам жүкті әйелге

  • заңсыз түрде 6 млн теңгеге дейін өсірілген жәрдемақылар төленгені анықталды.

Мемлекетке келтірілген жалпы залал 200 млн теңгеден асты.

Сот санкциясымен күдіктілердің 3 автокөлігіне тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Павлодар облысы #Жүкті әйелдер #алаяқтық #алаяқтық схемалары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);