AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Павлодарда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға үк...

Павлодарда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға үкім шықты

Заң мен тəртіп 31.07.2025, 10:24 978
Павлодарда қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға үкім шықты
Сурет: Gov.kz

Павлодарда АҚШ-тағы жарнама қосымшалары ретінде көрсетілген TAKORP қаржы пирамидасын ұйымдастырғандарға сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

TAKORP қаржы пирамидасы инновациялық жарнама технологияларына бағытталған АҚШ платформасы ретінде таныстырылған. Жобаның қатысушыларына OKX криптобиржасы арқылы криптовалюта сатып алу арқылы тіркелу ұсынылған. Негізгі шарттардың бірі - кемінде 5 жаңа салымшы тарту. Бұл талап орындалған жағдайда "бақ дөңгелегіне" қатысуға және бағалы сыйлық ұтып алуға мүмкіндік берілген. 80-нен аса азамат уәделерге сеніп, 30-дан 500 АҚШ долларына дейін инвестиция салған, кейбірі деңгейіне қарай 2 мың АҚШ долларына дейін бонус аламыз деп үміттенген.

"Қылмыстық жолмен алынған табыс 59 млн теңгеден асты. Пирамиданы насихаттау мақсатында Zoom платформасы арқылы бейнеконференциялар форматында жарнама жүргізілген. Бұл кездесулердің негізгі мақсаты салымшылардың материалдық жағдайын жақсарту деп көрсетілгенімен, шын мәнінде жаңа қатысушыларды тарту болған", - деп жазылған хабарламада.

ҚМА мәліметінше, салымшылардың қаражатына күдіктілер Павлодар қаласынан пәтер сатып алып, төрт банк депозитін ашқан. Бұл мүлікке сот санкциясымен тыйым салынды.

Сот қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларды 1 жыл 6 айдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Павлодар #Қаржы пирамидасы #үкім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);