ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Пәтер жалдау бағасы 13 пайызға өсті

Пәтер жалдау бағасы 13 пайызға өсті

Әлеумет 03.10.2022, 09:22 1,059
Пәтер жалдау бағасы 13 пайызға өсті
Сурет: Nur.kz
Жылдық инфляция деңгейі 17,7% құрады.

Жылдық инфляция деңгейі 17,7% құрады.


Қыркүйектегі инфляция деңгейі тамызбен салыстырғанда 1,8%-ға өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қазақстан ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.


Қыркүйек айында инфляцияның ең жоғары өсім қарқыны ақылы қызметтерде байқалды – 2,7% (2022 ж. тамызда-1,6%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,9%-ға қымбаттады, ТБИ құрылымындағы қымбаттаудың ең төмен қарқыны азық-түлік тауарларында –1,2%.


Ақылы қызметтер арасында бір айдың ішінде ең жоғары өсім тұрғын үйді жалға беру саласында байқалды – 13,1%, білім беру қызметтері 7,1%-ке өсті.


«Азық- түлікке жатпайтын тауарлардың ішінен жиһаз бен тұрмыстық заттар бағасы 5%-ға көтерілді, жуу және тазалау құралдары 4,4%-ке, жеке пайдалануға арналған тауарлар 2%-ға, киім мен аяқ киім 1,9%-ға қымбаттады. Отын бағасы 3%-ға, тас көмір 2,9%-ға, баллондардағы сұйытылған газ 1,5%-ға өсті», - делінген хабарламада.


Азық-түлік тауарларының бағасы бір айда (2022 ж. қыркүйекте) 1,2% өсті. Жұмыртқа бағасы 7,5%-ға, күнбағыс майы 4,6%-ға, күріш, макарон өнімдері әрқайсысы 4,1%-ға, тоқаш және ұн өнімдері 3,8%-ға, жармалар 3,2%-ға, кондитер өнімдері 3,1%-ға өсті. Бұл ретте, жаңа піскен көкөністер бағасы 10,2%-ға, картоп 8,5%-ға, құмшекер 5,2%-ға, жаңа піскен жемістер 3%-ға арзандады.


Жылдық инфляция деңгейі 17,7% құрады. 2022 жылғы қыркүйекте азық-түлік тауарларының бағасы өткен жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 22,2%-ға өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 17%-ға, ақылы қызметтер 12,3%-ға көтерілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.