AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Ойын-сауық / "Пәтер алып, көлік бердім". Ақан Сатаев бұрынғы әй...

"Пәтер алып, көлік бердім". Ақан Сатаев бұрынғы әйеліне жауап берді

Ойын-сауық 05.01.2026, 10:24 1,103
"Пәтер алып, көлік бердім". Ақан Сатаев бұрынғы әйеліне жауап берді
Әлеуметтік желіден

Танымал продюсер әрі режиссер Ақан Сатаев әлеуметтік бұрынғы әйеліне қатысты ашық мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. 

Ақан Сатаевтың айтуынша, бұрынғы жары Назира тарапынан тосын жария пікірлер айтылған. Ол түрлі қауесет тарамауы үшін балаларына қатысты ашық айтты. 

"Біздің ажырасуымыздың себептері нақты ажырасудан және некені ресми түрде бұзудан әлдеқайда бұрын қалыптасқан. Бұл тек өзара жеке келіспеушіліктер мен қарым-қатынасқа байланысты болды. Үшінші тұлғалар ажырасуға себеп те, сылтау да болған емес. Біз бұл мәселені бірнеше рет талқылап, екі жақты шешімге келдік. Әрине, бұл туралы балаларымызбен де ашық сөйлестік.

Ажырасуға дейін де, ажырасу барысында да, одан кейін де Назира ажырасудың себебі ретінде басқа бір адамды, оның ішінде Альмираны атаған емес. Қазіргі айтылып жатқан мәлімдемелер мен үшін күтпеген жағдай болды әрі қоғам пікіріне ықпал етуге бағытталған әрекет сияқты көрінеді. Оның үстіне, Назираның өзі осы сұхбатында біздің қарым-қатынасымыздағы түсінбеушіліктер 2016 жылдан басталғанын, яғни "Томирис" фильмінің түсірілімінен әлдеқайда бұрын пайда болғанын айтады.

Ажырасуға, кейінгі тұрмысқа, балаларды тәрбиелеу мен олармен қарым-қатынас жасауға қатысты барлық мәселелер алдын ала менің, Назираның және балалардың арасында толық талқыланып, келісілген.

Мен Назираға балалармен бірге осы үйде тұруды бірнеше рет ұсындым. Алайда ол өз еркімен бөлек тұруды таңдады. Қалай болғанда да, бұл үй болашақта балаларға мұра ретінде қалдырылады.

Мен Назираға оның өзі таңдаған үш бөлмелі пәтерді сатып алып, жеке меншігіне рәсімдеп бердім, автокөлікті қалдырдым, сондай-ақ қаржылай қолдау көрсетіп, өз міндеттерімді әлі де орындап келемін.

 Балалар менімен бірге тұруды қалады. Қазіргі уақытта олар менің қарауымда.. Ал үлкен қыздарым тұрмысқа шығып, өз өмір жолын бастап кетті.

Мен ешқашан балалардың анасы Назиремен араласуына кедергі келтірген емеспін және келтірмеймін. Балалардың онымен бірге тұру мүмкіндігі болды және қазір де бар. Алайда олар үшін осы үйде тұру әлдеқайда жайлы.

елісілген барлық міндеттемелерімді толық орындадым", – деп жазды Ақан Сатаев.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ақан Сатаев #әйел #жеке өмір #шоу-бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);