Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Паша шимпанзе Лола атты жұбын тапты

Паша шимпанзе Лола атты жұбын тапты

Әлеумет 12.01.2024, 05:35 1,264
Паша шимпанзе Лола атты жұбын тапты
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Ақ кірекей, Амур жолбарысы және т.б.: Алматы хайуанаттар бағында жаңа жануарлар пайда болды


Алматы хайуанаттар бағында жаңа жануарлар пайда болды – бұл кірекей ақ аю, зебра, Амур жолбарысы, шимпанзе және қызғылт фламинго, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz  Алматы қаласының Мәдениет басқармасына сілтеме жасап.


Басқарма басшысы Ғани Майлыбаевтың мәліметінше, 2023 жылы хайуанаттар бағындағы 25 түрлі жануардан 80 төл алынған. Олардың арасында көгілдір қой, Шетланд понидің құлыны, кенгуру, кірпі, лемур, теңбіл бұғы, үй қодасы, Чапман зебрасы, су сиыр, қозықұмай, құмай, жапон тырнасы, тау қазы, африкалық улы сұр жылан, шығыс колобусы және т.б. бар. 




Әсіресе, Пурга атты ақ кірекей көптің назарын аударды. Қазір ол 6 жаста, екі бассейні бар жарты гектарға жуық кең қоршауда тұрады. 




«Біз бұл оқиғаны ұзақ күттік. Ақ қонжықты іздеуге және оны Алматыға жеткізу туралы келіссөздерге екі жарым жылға жуық уақыт кетті. Ақыры ақ кірекейді тегін алдық. Қазір Швеция хайуанаттар бағының бірімен Пургамыздың жұбын әкелу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – деді Ғани Майлыбаев.





Бүгінде Алматы хайуанаттар бағына келушілерге ұнаған Паша есімді еркек шимпанзе өткен жылы Лола аттты жұбын тапты, ол да Пургу сияқты Мәскеуден жеткізілді. Алғашында маймылдар бөлек өмір сүріп, бір-бірін сырттан бақылап жүрді. Қазір олар бір-біріне үйреніп, дос болды. Дәл осындай Урман жолбарысына ұрғашысы таңдалды. Сонымен қатар, хайуанаттар бағы Грант зебраларымен толықты, олар піл, су сиыр және бөкендермен бірге 2024 жылдың соңында құрылысы басталатын «Африка саваннасын» мекендейді. 




Естеріңізге сала кетейік, былтыр Алматы хайуанаттар бағының мамандары Нарынқол ауданы, Сарыбастау ауылының маңында әлсіреген еркек қар барысын құтқарды. Үш айға жуық емдеуден және күтімнен кейін жануар Іле-Алатау ұлттық саябағының аумағына жіберілді.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Зообақ #хайуанаттар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.