AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Парламент Конституциялық сот құру туралы заң қабыл...

Парламент Конституциялық сот құру туралы заң қабылдады

Әлеумет 03.11.2022, 14:51 1,470
Парламент Конституциялық сот құру туралы заң қабылдады
Сурет: Ашық дереккөзі

Заңға сәйкес қазақстандықтар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын заңдарға немесе нормативтік-құқықтық актілерге дауласа алады


ҚР Парламенті азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы шағымдар бойынша Конституциялық сотқа жүгінуге мүмкіндік беретін заң қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Құжат бойынша ол еліміздің бүкіл аумағында Ата заңның үстемдігін қамтамасыз ететін бірден-бір орган болады. Өзгешелігі сол – биліктің сот тармағына жатпайды. Жеке орган ретінде қарастырылған. Егер де Президенттің Жарлығы мен Заңдары Конституцияға қайшы келсе, оның күшін жоятын құзыретке ие болмақ. Заң жобасын Жоғарғы палата отырысында Әділет министрі таныстырып өтті. Қанат Мусиннің айтуынша, сайлауды дұрыс өткізу, Парламент қабылдаған заңдар мен  халықаралық шарттардың Ата заңға сәйкестігін қарау осы Конституциялық сот қызметіне жатады.



«Конституциялық сот азаматтардың өтініштері бойынша олардың құқықтары мен бостандықтарына тікелей тиетін нормативтік-құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қарайтын болады. Сондай-ақ Конституцияға жүгіну құқығы Бас прокурор мен адам құқықтары жөніндегі уәкілге беріледі», – деді ҚР Әділет министрі Қанат Мусин.



Сонымен қатар, Сенат "Прокуратура туралы" заң қабылдады. Ол республикалық референдум қорытындысы бойынша Конституцияға енгізілген өзгерістерді іске асыру мақсатында әзірленді. Прокуратураның негізгі міндеттері адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде қорғау, ел аумағында заңдылықты қамтамасыз ету.



«Прокуратура органдарының қызметі алғаш рет Конституциялық заңмен реттелетінін атап өткен жөн. Бұл қадам еліміздің құқық қорғау жүйесін жетілдіруге маңызды үлес қосады деп үміттенеміз», - деп атап өтті Мәулен Әшімбаев.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#заң #Конституциялық сот
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);