AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Париж-2024 / Париж Олимпиадасының жабылу салтанатында Қазақстан...

Париж Олимпиадасының жабылу салтанатында Қазақстан туын алып шығатын спортшылар белгілі болды

Париж-2024 11.08.2024, 16:15 1,330
Париж Олимпиадасының жабылу салтанатында Қазақстан туын алып шығатын спортшылар белгілі болды
Cурет: Владислав Семенов / ҰОК

 Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарының салтанатты жабылу рәсімінде Қазақстан туын кімдер алып шығатыны белгілі болды.

Нақтырақ айтсақ, ойындардың жабылу шарасында ел туын ерлерден таеквондошы Батырхан Төлеуғали мен әйелдер арасында көркем гимнастикадан ел намысын қорғаған Эльжана Таниева алып шығады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Айта кетсек, Батырхан Төлеуғали Парижде 80 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Ол 1/8 айналымда екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездескен болатын. Тартысты жекпе-жекте тәжірибелі италиялық спортшы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Батырхан Төлеуғали Қазақстан сапынан Олимпиадаға қатысып жатқан ең жас атлет. 18 жастағы спортшының бұл тұңғыш Олимпиадасы. 

Ал Эльжана Таниева Париж Олимпиадасында төрт жаттығудың қорытындысы бойынша финалға өте алмаған еді. Ол төрт жаттығудың нәтижесі бойынша 126.600 ұпай жинады. 

Естеріңізге сала кетсек, Франция астанасы Париж қаласында өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде еліміздің көк туын бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асланбек Шымбергенов пен жеңіл атлет Ольга Сафронова ұстап шыққан болатын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Париж олимпиадасы #жабылу салтанаты #ту алып шығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45

Алматы тұрғындары: үйің жаңарса, өзің де жаңарғандай боласың

Бүгін 14:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);